ХАБАРЛАМА Конкурс өткізу туралы

01 February 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түркістан облысының прокуратурасы еңбек өтіліне байланысты лауазымдық айлықақысының көлемi 76 235 теңгеден 103 142 теңгеге дейінгі              C-RGP-5 санатындағы Созақ  ауданы прокуратурасының прокуроры – 1 бірлік, C-RGP-5 санатындағы Мақтаарал  ауданы прокуратурасының прокуроры – 1 бірлік  бос лауазым орынына конкурс жариялайды.

Біліктілік  талаптары: білімі – нақты лауазымның  функционалдық бағыттарына сәйкес байланысты - жоғары кәсіби білім;

Құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығы; 

Нақты лауазым бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білімі мен дағдысының болуы.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Түркістан облысы, Түркістан қаласы,С.Қожанов көш. №44б, пошталық индексі 161200  тел.8 (7253) 34-10-11, кадрлық даму тобы.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:  конкурс өткізу туралы хабарламаның соңғы жариялау күнінен бастап 5 жұмыс күні.  

Қажетті құжаттар тізімі:  

1)      Өтініш (нысанға сәйкес);

2)      Сауалнама (нысанға сәйкес);

3)      Нысанға сәйкес кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы (тұрғылықты тұратын мекенжайы мен телефонын, оның ішінде байланыс телефонын көрсете отырып);

4)      Қолмен толтырылған және басылып жазылған толық өмірбаяны (нысанға сәйкес);

5)      Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

6)      Бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

7)      Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

8)      Әскери билеттің немесе әскерге шақыру учаскесiне тiркелгені туралы куәліктің көшірмесі;

9)      3х4 үлгідегі (3 дана) сурет;

10)  "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтың және оның жұбайының (зайыбының) табыстары мен мүліктері туралы декларацияны тұратын жері бойынша салық органына табыс еткенін растайтын құжаттар;

11)  Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды өткізу кезінде жарамды, шекті мәннен төмен емес қолданыстағы заңнаманы білуге арналған компьютерлік тестілеудің нәтижелері;

12)  Прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссиялардан медициналық және психофизиологиялық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтудің және міндетті арнайы тексеріс қорытындылары;

13) Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органдарының соттылығы жоқтығы, сот тәртібімен соңғы бір жылдың ішінде қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылмағаны туралы анықтама;

14) Соңғы жұмыс (оқу) орнынан мінездеме.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және іскерлік беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми (академиялық) дәрежелер мен атақтардың берiлуi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшiрмелерi) қосымша ақпарат бере алады.

Құжаттар мұқабада тізбесі көрсетіле тігіліп тапсырылуы тиіс.

Comments

Add new comment