Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес мәселесі талқыланды

03 April 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес мәселесі талқыланды - 1948711261

         Түркістан облысының прокуратурасында есірткі қылмысына қарсы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мәселесі бойынша алқа мәжілісі өтті.

        Жұмыс нәтижесі бойынша уәкілетті органдарға, оның ішінде ең бірінші полиция, кеден және шекара қызметтерінде тиімділіктің төмендігіне нұсқау жасалды.

        Атап айтқанда, 2018 жылы есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 680 қылмыстық іс тіркелген.

        Полиция көрсеткіштерді жасанды түрде жоғарылатып, нәтижесінде әрбір екінші дерек ақталатын негіздермен қысқартылған.

        Сонымен қатар, өткен жылы полиция героин контрабандасы бойынша бірде-бір деректі анықтамаған, алайда облыс аймағынан өткен  5 тұлға Ресейде ұсталған.

        Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша қатысушыларға есірткі бизнесіндегі қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға нақты тапсырмалар берілді.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Comments

Add new comment