Мемлекетке 850 млн. теңгенің мүлкі қайтарылды

11 October 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түлкібас ауданының прокуратурасы Кемербастау ауылдық округі мен Түлкібас кентін сумен қамтамасыз ету жүйелерін жалға беру кезінде жол берілген заң бұзушылықтарды анықтады.

Ауылдық округ пен кент әкімдері аппаратының балансындағы аталған коммуналдық меншіктерді әкімдер 2014 жылы «Ел ынтымағы» ЖШС-не келісім-шарт жасасу арқылы жалға берген.

Алайда «Мемлекеттік мүлік туралы» Заң мен Су шаруашылығы құрылыстарын жалға және сенімгерлік басқаруға беру ережесіне (Үкіметтің 02.06.2004ж. №613 қаулысымен бекітілген) қайшы олар ашық тендерлер өткізбестен заңсыз берілген.

Кемербастау ауылдық округінің су құбыры жүйелерінің баланстық құны 205,5 млн. теңге, Түлкібас кентінің – 645,1 млн. теңге.

Аудан прокуратурасының ұсынуы бойынша заңсыз жасалған келісім-шарттар бұзылды, 850,6 млн. теңге мүлік мемлекетке қайтарылды. 

 

Түркістан облысы прокуратурасы

Comments

Add new comment