Алаяқ қылмысы әшкерленді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

9 тамыз 2007 жылы азаматша Р.Б.Суева  материалдық жағдайын жақсарту үшін, жәбірленуші Х.А.Султаналиеваға мемлекеттік бағдарлама бойынша қолжетімді пәтер алуға көмектесетінін айтып, одан жалпы 1 500 000 теңгесін алып, өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Р. өзінің әрекетін жалғастырып, 9 қаңтар 2015 жылы азаматша С.А.Умирбаевадан жұмысын Қазығұрт ауданында орналасқан «Оңтүстік Жарық транзит» АҚ-ның басшысы ретінде орналастыру үшін 6 000 АҚШ долларын алып, өз пайдасына жұмсаған.

Абай аудандық сотының 5 мамыр 2016 жылғы үкімімен азаматша Р.Б.Суева  Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 бөлігі 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚК-нің 63 бабының 1 бөлігіне сәйкес аталған мерзімге пробациялық бақылау белгiленді.

                                                                          Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі