Алаяқтардан сақтанайық!

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жалпы бөтеннің мүлкіне қатысты жасалатын қылмыстардың ең кең таралғаны ұрлық болса, одан кейінгісі - алаяқтық.

Алаяқтықтың мақсаты бір болғанымен, әр түрлі жасалу әдіс-тәсідерімен ерекшеленеді.

Облыс көлемінде алаяқтық қылмыстары кең етек алып, күннен күнге арта түсуде. Қылмыстылықтың алдын алу бағытында құқық қорғау органдарымен біршама жұмыс жүргізілгенімен, тұрғындар өздері алаяқтардан алыс жүргісі келмейтін секілді.

Себебі, тұрғын үй немесе несие алуда, жұмысқа орналасуда не өзге де жағдайларда тұрғындар белгіленген тәртіпті айналып өткісі келіп, мемлекетті алдауға тырысады, алаяқтардың қызметіне жүгініп, қомақты ақша беріп жатады.

Кейіннен, алаяқтың арбауына түскенін білген соң, мемлекеттің талабын сақтаудан жалтарған азамат, өз құқықтарын қорғау үшін қайта мемлекеттік, яғни құқық қорғау органдарынан көмек сұрайды.

Демек, алғашқыда заң талаптарын орындағысы келмесе, кейіннен сол заңдардың өзіне көмектесуін қалайды.

Облысымызда алаяқтың ең көп тараған түрлері: банкілік жүйеде, оның ішінде несиелерді рәсімдеу – 359; жылжымайтын мүліктерді өткізу (үй не жер алып беру уәдесімен), оның ішінде жалған жасау арқылы – 546; жұмысқа тұрғызып беру уәдесімен – 345; ұялы телефондарды алаяқтық жолмен ұрлау – 295; түрлі қызмет түрін көрсету – 379.

Осындай қылмыстарды көп жағдайларда бұл қызметтерге мүлдем қатысы жоқ, ортада жүрген делдал азаматтар жасаған.

Басқа мәселе, бүгінгі күні облыста жер участкелерін алуға кезекте 140 мың жуық адам тұрса, оның 65 мыңы Шымкент қаласы бойынша.

Инфраструктуралық жағдайлардың жоқтығынан қазіргі таңда жер участкелерін бөлу тоқтатылған, соңғы рет жер участкелері 2008 жылы берілген.

Бірақта, азаматтар бұған қарамастан кезектен айналып өтеміз деп ақшалай сыйақы үшін кейбір тұлғалар арқылы жер участкелерін алғылары келеді.

Заң талабымен мұның өзі қылмыс екенін халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бірнеше рет ескертілді.

Соңғы 5 жыл көлемінде осы санаттағы қылмыстың тұрақты түрде өсу динамикасы байқалады.

Мәселен, 2010 жылы алаяқтықпен байланысты 744 қылмыс тіркелсе, жыл сайын оның саны ұлғайып, 2015 жылы 5 614 алаяқтық деректер тіркелген (2011ж. – 1 128, 2012ж. – 1 761, 2013ж. – 3 036, 2014ж. – 3 730).

Бұл қылмыс түрінің облысымызда күрт өсуі оның негізгі әдіс-тәсілдерін, ерекшеліктерін айқындап, құзырлы органдардың жұмыстарын үйлестіру арқылы, нәтижелі, әрі кардиналды шараларды  қолдануды талап етті.

Бас прокуратурамен 2016 жылға қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заңдылықты қадағалау саласында алаяқтық қылмыстары басым бағыттар ретінде бекітіліп, алаяқтықпен күресу бойынша шараларды жетілдіру айқындалған.

Жыл басынан қылмыстың бұл түрі облыстық прокуратурамен ерекше бақылауға алынып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа алаяқтықтардан сақ болуды ескерту ретінде 164 құқықтық түсіндірме берілді.

Алаяқтық қылмыстарынан ескерту шаралары туралы бейнероликтер әзірленіп, жергілікті телеарналарда («Отырар», «Қазақстан-Шымкент», «Айғақ» және «31 арна»), қала орталығында орнатылған жарнамалық баннерлерде көрсетілді.

Азаматтарды алаяқтық қылмыстарының сақ болу туралы ескертпе мәтіндер қоғамдық көліктер мен адамдар көп шоғырланған жерлерде орнатылды.

Және, облыстың әр аумағында адамдар көп шоғырланған жерлерде «Алаяқтан сақ болыңыздар!» тақырыпта билбордтар ілінді.

Облыс прокуратурасының ынтасын қазіргі таңда дін өкілдері қолдау көрсетіп, ағымды жылдың 12 ақпанында облыстың орталық мешітінде жұма намазының алдында келушілердің назарына облыс прокуратурасымен алаяқтыққа қатысты арнайы әзірленген анықтаманың мазмұны жеткізілді.         23.02.2016 жылы облыс прокуратурасында облыстық әкімшіліктің құзырлы органдары (білім, әлеуметтік, тұрғын үй, жер қатынастары бойынша), 2 дәрежелі банктердің, жергілікті полиция қызметінің қатысуында дөңгелек үстел өткізілді.

29.03.2016 жылы алаяқтық қылмыстарының алдын алу мәселесі Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Оңтүстік Қазақстан облысының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қаралып, нақты іс-шаралар айқындалып, құзырлы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

 Мұндай жұмыстар облыстық прокуратура органдарымен жалғасуда.

Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде алаяқтық қылмыстарының өсу қарқыны жыл басында яғни, қаңтар айында 57,3% құраса, бүгінгі күнде бірте-бірте төмендеп 3,4% болып отыр (ақпан - 50,8%, наурыз – 21,7%, сәуір – 14,1%, мамыр – 10,8%, маусым – 8,7%).       

Сонымен қатар, облыстық прокуратурамен құзырлы, құқық қорғау органдары жауапты өкілдерінің қатысуымен «Алаяқсыз қоғам» тақырыбында арнайы жоба әзірленіп, бүгінгі күнде тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

Облыстық прокуратураның

басқарма прокуроры                                                                          М. Спабеков