Алаяқтық жолымен күн көрген тұлғалар

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сотталушы А.Шотбаев алаяқтық, яғни алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ірі мөлшерде жымқыру мақсатымен  2009 жылы қаңтар айының басында сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нақты анықталмаған күні өзінің иелігінде үй соғуға жер телімі болмағанын және ауыл шаруашылыққа берілген жер телімдеріне үй соғуға рұқсат жоқ екенін біле тұра, танысы жәбірленуші Х.Минигулованың жер телімін сатып алуға ұсыныс жасаған. Алдына қойған мақсатын іске асыру үшін, ол жер телімінің құны 8000 АҚШ доллары болатынын және оның құжаттарын толығымен рәсімдеп беретінін айтып, жәбірленуші Х.М 8000 АҚШ долларын, яғни теңгелей  973680 теңге ақшасын иеленген. Осы жылы бір ай өткеннен кейін А.Ш ақшаға мұқтаж болғандықтан жәбірленуші Х.Минигуловаға келіп, алдын 8000 АҚШ долларға сатқан учаскені басқа адамға сатып, ақшасын  оған, ал кейіннен соңғыға орнына басқа жер учаскесін беретінін айтып, өзімен бірге алып келген сатып алушыға сатқызып, 8000 АҚШ доллар ақшасын өзі алып кеткен. Содан А.Шотбаев адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жалған құжатты, яғни Шымкент қ., Ынтымақ мөлтек ауданы, Жаңақұрылыс, № жер учаскесіне Шымкент қаласының 09 тамыз 2007 жылы М.Ю. атына шыққан  мүлікті жария ету комиссиясының шешімін қолдан жасап, 2011 жылы наурыз айында соңғыға  атына  осы жер учаскеге рәсімделген мемлекеттік актісін көрсетіп, оны аталған жер учаскесін Х.Минигулованың атына қайта рәсімдеп беруін, ал орнына басқа екі жер учаскесін беретінін айтқан. Содан А.Шотбаев М.Юлдашеваның келісімін алып, 07.05.2011 жылғы сату-сатып алу келісім шартының негізінде Шымкент қ., Ынтымақ мөлтек ауданы, Жаңақұрылыс, көшесінде орналасқан жер учаскені Х.Минигулованың атына аударған. Алайда 17.03.2014 жылғы Абай аудандық сотының шешімімен аталған жерге шыққан Шымкент қаласының 09 тамыз 2007 жылғы мүлікті жария ету комиссиясының шешім жарамсыз болып танылған. Осыдан кейін сотталушы А.Шотбаев жәбірленуші Х.Минигуловадан алған жер учаскесінің ақшасын қайтармай, жәбірленушіге аталған  мөлшерінде мүліктік залал келтірген.

          Сотталушы А.Шотбаев жасаған қылмыстық әрекеттері мен соның нәтижесінде жәбірленуші Х.Минигуловаға келтірілген мүліктік залалдың арасындағы себеп-салдарлы тікелей байланысымен толық дәлелденді.         

         Шымкент қаласы Абай аудандық сотымен, сот ісі бойынша жинақталып, сотта өз зерттелуін тапқан іс жүзіндегі деректерді заң талаптарына сай жинақталған деп сотталушы А.Шотбаевқа қатысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды қажет деп санап. 

 Сотталушы А.Шотбаевқа 3 (үш) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалп.

 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігінің негізінде жеңілірек жазаны онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті А.Шотбаевқа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177  бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.   

Прокурор прокуратуры

Абайского района                                                                         Б.Алматов