Бірнеше адамға қатысты алаяқтық қылмысын жасағаны үшін бас бостандығынан айырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазіргі таңда Республика бойынша алаяқтық қылмыстары кең етек алуда. Қылмыстарды алдын алу шаралары құқық қорғау органдарымен  бұқаралық ақпарат ақпарат құралдары арқылы жарияланып отыр. Осыған қарамастан, адамдар өздерінің көздеген мақсаттарына оңай жолымен жетуі үшін  әліде болса алаяқтардың арбауына түсіп отыр.

Атап айтқанда, 2015 жылдың шілде айында Шымкент қаласының тұрғыны А.С.Мусаев  өзінің Р.Ибрагимова есімді танысының жұмыс істеп жүргенін естіп, алдау  және сенімді теріс пайдалану жолымен оған ОҚО Созақ ауданы, «КазАтомПром» АҚ-ның зауытында бөлім басшысы қызметін атқаратынын айтып сендіріп, жұмысқа аламын –деп, 25 000 теңгесін  алып бас пайдасына жаратқан.

Сол сияқты, күдікті А.С.Мусаев  2015 жылдың шілде -тамыз айларында жұмысқа тұрғызып беремін- деп, облысымыздың 35 тұрғындарынан жалпы 840 000 теңге қаражаттарын  алып өзінің пайдасына жұмсаған.

 А.С.Мусаев  аталған азаматтардың сенімдеріне кіру үшін олардың ішінде екі адамды сенімді өкіл ретінде өзімен бірге Алматы қаласындағы «КазАтомПром» АҚ-ның бас ғимаратына апарған.

Абай аудандық сотының 18 мамыр 2016 жылғы үкімімен азамат А.С.Мусаев  ҚР Қылмыстық кодексінің 190 бабының 3 бөлігі 3 тармағымен кінәлі-деп, танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

                                                             Облыс прокуратурасының баспасөз қызметі