Төлеби аудан прокуратурасымен жер учаскелерінің өзге тұлғаларға аляқтық жолмен табысталу деректері анықталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төлеби аудандық прокуратурасымен«Игілік» СТК төрағасы Ғ.Ибрагимовтың СТК-ға тиесілі жер телімдерінің заңсыз табысталуы және т.б. әрекеттеріне қатысты жазған арыздары қаралып, нәтижесінде «Игілік» СТК-на тиесілі болған бірқатар жер учаскелері заңсыз өзге азаматтарға табысталғаны  анықталды.

         Атап айтқанда, Төлеби ауданы әкімінің 04.08.2004 жылғы №849 қаулысымен азамат А.Куатов жер үлесі есебінен 9,5 га. жайылым жер телімі Алатау ауылдық округінен ұзақ мерзімді 49 жылға пайдалануға бөлініп беріліп, аталған жер теліміне санды мемлекеттік акті дайындалған.

         Содан аудан әкімінің 17.06.2010 жылғы №248 қаулысымен А.Куатовқа тиесілі кадастрлық 9,5 га. жайылым жер телімі шаруа қожалығын жүргізу үшін жеке меншікке сатып берілген.

         Осы сатып алынған кадастрлық 9,5 га. жайылым жер телімі 16.07.2010 жылы 3-ке бөлініп, 4,0 га жеріне  4,0 га жеріне кадастрлық және 1,5 га. жеріне кадастрлық мемлекеттік актілер дайыналған.

         Содан, жеке нотариус С.Сарыбасовамен 23.07.2010 жылғы сату сатып алуды куәландыру туралы келісім шартына сәйкес А.Куатов өзіне тиесілі кадастрлық 4,0 га жер телімін азамат А.Хасанов сатқан, ал А.Хасанов өз кезегінде аталған 4,0 га жер телімін жеке нотариус С.Сарыбасованың куәландыруымен 29.10.2014 жылғы сату сатып алу келісім шартына сәйкес Б.Бабишоваға сатқан және аталған келісім шарттар әділет басқармасында тіркеуден өткен.

         Осымен қатар, А.Куатовтың 4,0 га жеріне кадастрлық жер телімі жеке нотариус С.Сарыбасованың куәландыруымен 23.07.2010 жылғы  сату сатып алу келісім шартына сәйкес Ш.Тогусбаеваға сатылып, мемлекеттік тіркеуден өткен.

         Ал, А.Куатовтың атына дайындалған кадастрлық 1,5 га. жер телімі жеке нотариус С.Сарыбасованың куәландыруымен 17.01.2012 жылғы №332 санды сату сатып алу келісім шартына сәйкес С.Альжановаға сатылып, мемлекеттік тіркеуден өткен.

         Алайда, осылар бойынша түсінік берген жер иесі А.Куатов өз түсінігінде, 2004 жылы шын мәнінде  «Игілік» СТК-нен 9,75 га. жеріммен пай үлесіммен бөлініп шығып, 9,5 га. жайылым жерін СТК-ға ортақ  пайдалану үшін бергенін, ол жерге ешқандай да мемлекеттік акті алмағанын және аталған жерлерді сатпағанын көрсетті.

         Тиісінше, ОҚО мұрағатының 26.05.2016 жылғы хатына сәйкес, Төлеби ауданы әкімінің 17.06.2010 жылғы №248 қаулысы тіркелгенін көрсеткен.

         Яғни, жоғарыда аталған аудан әкімінің 17.06.2010 жылғы А.Куатовке 9,5 га. жайылым жер телімін жеке меншікке сатып беру туралы №248 қаулысы, кейіннен мемлекеттік актілер өзге азаматтардың қолымен алаяқтық жолмен жасалған.

         Анықталған деректер аудандық прокуратураның АЕК-на тіркеліп, қазіргі таңдаТөлеби АІІБ-мен  ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.

                                       Төлеби ауданының прокуроры                               Қ.Елшібаев