Төлеби аудан прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері басталды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Төлеби аудан прокуратурасыменазамат Т.Жеткеровтың азамат Ж.Рысбековке берілген жер учаскелері заңсыз басқа жерлерге орналастырылғаны туралы арызы қаралды.

         Анықталғаны, Төлеби ауданы әкімінің 26.09.2007 жылғы №613 қаулысымен Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округінен ауданның арнайы жер қорынан азамат Рысбеков Жаксыбайға 10,0 га. жайылым жер учаскесі жеке меншік құқығымен жеке меншігіне сатылып берілген.

         Осы қаулы негізінде, Төлеби аудандық жер кадастр бөлімшесінің инженер-жерге орналастырушысы А.Елюбаевпен 15.01.2009 жылы 1,0400 га. жерге кадастрлық, 4,0000 га. жерге кадастрлық 0,1000 га. жерге кадастрлық 0,1000 га. жеріне кадастрлық 1,000 га. жерге кадастрлық, 1,8600 га. жеріне кадастрлық №19-298-001-868 санды, 1,60 га. жеріне кадастрлық №19-298-001-869 санды, 0,10 га. жеріне кадастрлық,  0,10 га. жеріне кадастрлық 0,10 га. жеріне кадастрлық мемлекеттік актілер дайындалған.

         Аталған жерлердің орналасу аумағына саралау жүргізу барысында аудан әкімдігінің 10,0 га. жерді табыстау туралы қаулысын шығаруға негіз болған жобалық жер сызбасы мүлдем басқа жерде, ал кейіннен аталған жерді 10-ға бөліп жасалған мемлекеттік актілер Сайрамсу учаскесінің бірнеше жерлеріне бөлініп (біразы өзен бойына жағалап) орналастырылған.

         ОҚО мемлекеттік мұрағатының 28.04.2016 жылы аудандық прокуратураға жолдаған аудан әкімінің 26.09.2007 жылғы №613 санды қаулысын шығаруға негіз болған  Төлеби аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Т.Жарылқаповпен және Төлеби аудандық жер кадастр бөлімшесі басшысы Т.Жеткеровпен бекітілген жер учаскесінің жобалық сызбасының мұрағаттық көшірмесінде азамат Ж.Рысбековке берілген 10,0 га. жер учаскесі бір жерден берілгені, яғни Сайрамсу өзенінен бірнеше қашықтықта жоғарғы жағында орналасқаны анықталды.

Яғни, азамат Ж.Рысбековке берілген 10,0 га. жер учаскесіне мемлекеттік актілер дайындау барысында алаяқтық жолмен жердің жобалық сызбасына сәйкес емес, керісінше жер учаскелерін бірнеше жерлерге бөліп, мемлекет меншігіндегі нарықтық құны жоғары әрі сатуға ыңғайлы болатын өзен бойы мен таулы аймақтарға заңсыз орналастырылып, аталған жерлерді мемлекет өз мүддесі үшін пайдалануы шектеліп, осының салдарынан  мемлекетке ірі мөлшерде шығын келуде.

Аудан прокуратурасымен осы жүргізілген тексеру нәтижесімен белгісіз азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 177 бабының 3 бөлігінің «б» тармағымен 6 сотқа дейінгі тергеп тексеру істері басталды.

Төлеби ауданының прокуроры     Қ.Елшібаев