Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 51149
    Дата: 24.01.2020 12:34:54
    Аты-жөні: Сарыбай Алима
    Сұрақ:
    Мен Сарыбай Әлима Серікқызы Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Аманкелді көшесі № 3 үй тұрғыны Дәулетияров Берік Дәуренұлынан алимент өндірі туралы Жаңақорған аудандық сотының 19 қаңтар 2017 жылғы сот бұйрығының көшірмесі Оңтүстік Қазақстан облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысына жолданған, алайда осы уақытқа дейін еш нәтиже болмай тұр. Сот орындаушы Ержанова Айсұлу Бекқожақызына хабарласып ол азаматша істі осы уақытқа дейін созып келіп, қазіргі таңда Абылайханов Ғабит Сейдахметұлы қарап жатқанын айтып, негізсіз сылтау айтып келе жатқанына 2 жылдың көлемі болды. Осы мәселені заңдылығына сәйкес шешуге көмек беруіңізді сұраймын
    Жауап күні:
    10 июня, 2020 - 17:45
    Жауап:
    Құрметті Әлима Серікқызы! Сіздің борышкер Б.Д.Дәулетияровтан алимент өндіру мәселесі туралы облыс прокурорының блогына түскен сұрағыңызды облыс прокуратурасы қарады. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 133, 168-баптарына сәйкес мемлекеттік және жеке сот орындаушысының қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Заңның 127-бабының талабына сай өндiрiп алушы немесе борышкер сот орындаушысының атқарушылық құжатты орындау жөнiндегi шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) немесе осындай әрекеттер жасаудан бас тартуына сотқа шағым жасауы мүмкiн. Шағым Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасында көзделген тәртiппен және мерзiмде сотқа берiледi. Осыған байланысты, сот орындаушысының әрекетімен (әрекетсіздігімен) келіспеген жағдайда, Сіз уәкілетті органның аумақтық органына – Әділет департаментіне, прокуратура органдарына (арнайы әкеліп тапсыру, пошта арқылы жолдау және электрондық сандық қолтаңба арқылы «Электронды үкімет» (egov.kz) порталына жіберу) немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Сонымен бірге, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдарында: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған; шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған; адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштер қаралатыны назарыңызға салынады.
  • Сұрақ №: 48128
    Дата: 05.02.2019 14:27:13
    Аты-жөні: Тогасов Айбол
    Сұрақ:
    Сәлеметсіз бе,менің қояр сұрағым Жетысай ауданы,Жетысай қаласы, Ауезов көшесінің бойында орналасқан Тибет медицина орталығына әпкемді апарған болатынмын. Көптен бері денсаулығы сыр беріп жүрген соң, сол орталыққа бардық. Бас дәрігердің қабылдауында болдық,тамырдан ұстап диогноз қойып ем тағайынды. Процедура бөлмесіне жіберді, бір данасы құны 16000 теңге тұратын капсуладағы сұйық дәріні жамбасына салып берген.Сөйтіп сол дәріні үш күн қабылдады әпкем.Басында әпкемнің денсаулығы дұрысталған сияқты еді,қуанып қалған едік, бірақ үш күннен кейін нашарлап кетті.Содан соң қандай дәрумен алғанын білуге барғанымда марғымсыз жауап берді. Дәрілерді қарасам барлығы қытай тілінде, сұрасам бәрі бір түсінбейсін деп жауап қайтарды. Ілініп тұрған лицензия басқада құжаттарды көрмедім, сұрағанымда көрсеткен жоқ. Менің өз тұжырымым, емдеу орталығы ешқайда тіркелмеген,тиісті құжаттар алмаған. Бас дәрігер Қытайдан келген емші,Кытай республикасында білім алған дейді. білім алған болса сол құжатпен дәрігер келген пациенттерге ем тағайындай алама? менің өз ойым басқада адамдар зардап шекпесе екен деймін. себебі ата заңымызда жазылған Қазақстан республикасында ең қымбат - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары Осы жоғарыда көрсетілген жайттар бойынша тиісті шешімдер қабылдауызды сұраймын. Осы мәселе тікелей өз бақылауыңызда болатынына сенімдімін. сіздерге үлкен алғыс
    Жауап күні:
    7 ақпан, 2019 - 21:11
    Жауап:
    А.М. Тогасовқа Құрметті Айбол Мухажанович! Сіздің Жетысай қаласында орналасқан Тибет медицинасы орталығының дәрігерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына (кіріс №01-12000-19-00008) жолдаған сауалыңызды облыс прокуратурасы қарады. «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдары: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған; шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған; адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштерді қарайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңның 9-бабына сәйкес, субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi және олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша толық немесе iшiнара қанағаттандыру, өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк береді. Осы Заңның 6-бабында жазбаша өтiнiшке, жеке тұлғаның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс. Сондықтан, Сіздің сауал хатыңызда көрсетілген уәждеріңіз бойынша тексеру амалдарын жүргізу арқылы қарауды қажет ететіндіктен, тиісті уәкілеттік берілген органға жазбаша түрде арызбен жүгінуіңіз қажеттілігін назарыңызға саламын. Одан бөлек, Сіздің сауал хатыңыздың мәні бойынша қарау үшін облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне жолданды және оның қарау нәтижесі туралы Сізге аталған органмен хабарланады. Сондай-ақ, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтуға құқығыңыз бар (ҚР Азаматтық процестік кодекстің 292-бабы). Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд: С.Тулендиев тел:4-10-11
  • Сұрақ №: 48016
    Дата: 23.01.2019 12:18:53
    Аты-жөні: Төребеков Сапархан
    Сұрақ:
    Мен Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық учаскелік полициясының үстінен арыздануым қажет еді, Қайда барсам болады? Мен қазір Түркістан облысында тұрамын және жұмыс істеймін. телефоным 87470573010
    Жауап күні:
    29 қаңтар, 2019 - 18:59
    Жауап:
    С.Т. Төребековке Түркістан қаласы, Түркістан облысы 161200 Құрметті Сапархан Толыбайұлы! Сіздің Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылдық округі учаскелік полициясының іс-әрекетіне қатысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогына 26.01.2019ж. жолдаған сауалыңызды облыс прокуратурасы қарады. «Прокуратура туралы» 30.06.2017ж. ҚР Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдарында: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған; шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған; адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштер қарайды. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 27.11.2000ж. ҚР Заңының 20-1 бабының 1, 2 тармақтарына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымды қарауды жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) жүргізеді. Жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым беру дау айтылатын құқықтарын, бостандықтарын және (немесе) заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді. Сондықтан Сіз сауал хатыңызда көрсетілген мән-жайлар бойынша Түркістан облысының Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына жазбаша түрде арызбен жүгінуіңіз қажеттігін назарыңызға саламын. Сондай-ақ лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 292-бабына сәйкес сотта дау айтуға құқығыңыз бар екендігі туралы түсіндіріледі. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд.М.Ералиев тел. 4-10-11
  • Сұрақ №: 47902
    Дата: 12.01.2019 15:12:58
    Аты-жөні: Темирбеков Бахытжан
    Сұрақ:
    Мен туркестан каласын да турамын туркестан каласы экологиялык эонна приаралиеге киреды ал меним жумыс жасайсын жерим Караганды ол жер экологиялык зонага косылмайды екен. Енды сурак,? Маган экалогическииге акща толенедиме экалогическидин лготтары маган карастырыладыма
    Жауап күні:
    28 қаңтар, 2019 - 20:19
    Жауап:
    Б.А.Темирбековке Құрметті Бахытжан Амангелдіұлы ! Сіздің экологиялық аймақта тұрғылықты тұрып, басқа өңірде еңбек қызметін жүзеге асыратын азаматтарға өтемдер мен жеңілдіктер беру тәртібіне қатысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогына 14.01.2019ж. жолдаған сауалыңызды облыс прокуратурасы қарады. «Прокуратура туралы» 30.06.2017ж. ҚР Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдарында: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған; шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған; адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштер қарайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚРЗаңының 9-бабына сәйкес субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi және олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша толық немесе iшiнара қанағаттандыру, өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк береді. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 17-бабында еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; жұмыскерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды деп көрсетілген. Сондықтан Сіз сауал хатыңызда көрсетілген мән-жайлар бойынша тиісті уәкілеттік берілген органға жазбаша түрде арызбен жүгінуіңіз қажеттігін назарыңызға саламын. Одан бөлек Сіздің уәждеріңізді қарап, жауап беру үшін сауал хатыңыз Түркістан облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына жолданды. Сондай-ақ лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 292-бабына сәйкес сотта дау айтуға құқығыңыз бар екендігі туралы түсіндіріледі. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орынд.С.Бекмуратов тел. 4-10-11
  • Сұрақ №: 47163
    Дата: 31.10.2018 12:58:52
    Аты-жөні: Серікбаев Нұржан
    Сұрақ:
    Біздің сізге қояр сұрағымыз Түркістан қаласы Тұран ауылы облыстық әкімшілік ғимаратының жанындағы яғни Арыс Түркістан каналының арғы бетіндегі Тұран банясы Кентау тас жолының оң бетінде орналасқан осы монша біздің елді мекеннің ауыз суымызды ұрлап өзінің моншасына саунасына пайдаланады, бұл монша Кентаудан келетін ауыз суды астынан ұрлап суды өзінің моншасына қосып алған біздің елді мекенде ауыз су өмірі жетпейді, судың давлениясы жоқ өйткені монша өзіне ұрлап насоспен сорып алады бұл қалайша осынша уақыттан бері 7-8 жыл ешкім қарамайды біз судың бастығы Сейілбек мырзаға телефон арқылы айтқанбыз ешқандай нәтиже жоқ, өйткені бұл Тұран моншасының егесі Ораңғай ауылының әкімі Дәулет есімді азамат. Бұларға заң жоқпа? Дәл қазір біздің ауылда ауыз су жоқ, Тұран моншасында да су жоқ, монша істемей тұр біз бүгін барып көрдік бұларда ешқандай құдық, скважина жоқ суды қайдан алады? Халықтың ауыз суын ұрлап отыр осыны неге тексермейсіздер суды қайдан алыпжатырсыздар деп. Осы моншаға тезірек шара қолдануыңызды сұраймыз. Серікбаев Нұржан және осы елді мекендердің азаматтары.
    Жауап күні:
    21 қараша, 2018 - 09:09
    Жауап:
    Н.Серікбаевқа Кентау қаласы Түркістан облысы 160400 Құрметті Нұржан Серікбаев! Сіздің Кентау қаласы тұрғындары пайдаланатын ауыз су жүйесінен «Тұран» моншасы заңсыз пайдаланып жатқандығы туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогына 13.11.18ж. (кіріс нөмірі 01-12000-18-00116) жолдаған сауалыңызды облыс прокуратурасы қарады. «Прокуратура туралы» 30.06.17ж. ҚР Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдарында: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған; шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған; адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштер қарайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңның 9-бабына сәйкес субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi және олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша толық немесе iшiнара қанағаттандыру, өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк береді. Осы Заңның 6-бабында жазбаша өтiнiшке, жеке тұлғаның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс. Сондықтан, Сіз сауал хатыңызда көрсетілген уәждеріңіз бойынша тексеру амалдарын жүргізу арқылы қарауды қажет ететіндіктен, тиісті уәкілеттік берілген органға жазбаша түрде арызбен жүгінуіңіз қажеттігін назарыңызға саламын. Одан бөлек, Сіздің хатта көрсетілген уәждеріңіз мәні бойынша қарау үшін Түркістан облысының әкімдігіне 15.11.18ж. хат жолданды. Сондай-ақ, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 292-бабына сәйкес сотта дау айтуға құқығыңыз бар екендігі туралы түсіндіріледі. Облыс прокуроры Н. Әбдіров Н.Мұстафаев 87017006147

Беттер