Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 46997
    Дата: 23.10.2018 17:16:09
    Аты-жөні: Рзабеков Айтбай
    Сұрақ:
    Мен, Рзабеков Айтбай Абсаттарович 14 қараша 1970 жылы туылған,Шардара ауданы Жаушықұм ауылы Құйған елді-мекенінің тұрғынымын. Менің арыз беру себебім 2018 жылдың 18 тамыз күні Шардара ауданы ішкі істер басқармасына 3 (үш) сиыр (ірі қара) мал басы жоғалған туралы арыз өткізген едім. Арыз тіркеу талон-хабарлама № 185164035000436, ақпаратты есепке алу кітабындағы тіркеу жазбасының 18 тамыз 2018 жылғы нөмірі 185164030002042 жазбада тіркелген еді. Арыздану себебім тамыз айында менің мал қорамнан белгісіз түлғалар 3 бас бұаз сиыр (ірі қара) малды урланғанына байланысты жазып едім . Алайда ішкі істер қызметкерлері тарабынан іздестіру нәтіже берген жоқ. Сол себепті өздігімнен іздестіру шараларын жұргізіп «МАЛТАБУ» интернет сайтынан 21 қазан күні 2 бас сиырымды Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы елді-мекенінің тұрғыны сатуға шығарған . Анықтау мақсатында 2018жыл 22 қазан күні Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы елді-мекеніне барыдым және 2 бас сиыр малымды таптым. Алайда сол жердін аудандық ішкі істер басқармасына барып арызданғанымда Жамбыл ауданы ішкі істер басқармасының қызметкерлері , өкіға болған жердін ішкі істер қызметкерлері келмей және сол іс бойынша тапсырмаларын жібермей мал басын қайтарып алып береалмайтының айтты. Сол себепті осі іс бойынша іс-шара амалдарын жүргізүінізді сұраймын. Жоғалған 3 бас сиырдын, 2 бас табылған сиырды қайтарып алуға көмектесуінізді сұраймын. Рзабеков А.А. Тел: 8771-869-23-98 23.10.2018 жыл.
    Жауап күні:
    28 қараша, 2018 - 19:28
    Жауап:
    А.А.Рзабековке Құрметті Айтбай Абсаттарович ! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына 3 бас ірі қара (сиыр) малыңызды белгісіз тұлғалар ұрлап кеткеніне шара қолдану туралы 13.11.2018ж. жазған сұрағыңызды облыс прокуратурасы қарады. Түркістан облысы полиция Департаментімен Сіздің арызыңыз бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп, нәтижесінде Б.Оразалы, Б.Исаев, М.Тағаймуратқа ҚК-тің 262-бабы 2 бөлігі (ұйымдасқан топ), 188 бабы 4 бөлігі 1, 3 тармағымен (ұрлық) айып тағылып, қылмыстық іс негізінен қарау үшін 28.09.2018ж. Қазығұрт аудандық сотына жолданды. Бүгінгі күні, аталған қылмыстық іс Қазығұрт аудандық сотымен қаралуда. ҚПК-тің 305-бабының 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс сотқа жіберілген соң іс бойынша өтініш пен шағымдар тікелей сотқа жолданатынын назарыңызға жеткіземін. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз ҚПК-тің 106-бабына сәйкес тергеу судьясына шағымдануға құқылысыз. Облыс прокуроры Н. Әбдіров Ш.Талипов тел.40-003
  • Сұрақ №: 46903
    Дата: 17.10.2018 16:29:05
    Аты-жөні: Зейдуллаев Ербол
    Сұрақ:
    Түркістан қаласы әкімдігі 2018 жылғы 03 қыркүйекте №1241 қаулысына орай келесі сұрақтарға жауап ұсынуды өтінемін. Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының 26.07.2007 жылғы №24710 шешімімен дүкендер салынды және 28.01.2008 жылғы №335 қаулысымен, Керуен сарай көшесі №6А адресі бойынша орналасқан дүкенге жеке кәсіппен айналысуға болады деген қаулымен рұқсат берілген болатын. Жоғарыдағы қаулыны Түркістан қаласы әкімі 2018 жылғы 03 қыркүйектегі №1241 қаулысы арқылы сауда жасауға рұқсат беретін қаулының күшін жойып отыр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасында халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударған. Елбасы, әсіресе, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің дамуына баса назар аударып отырғаны айқын. Осыған орай бұл осы аталған Бағдарламаға керағар шешім емес пе? Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мұсаев Тәжібек Қалманұлының және Түркістан қаласы әкімінің кеңесшісі Сарманов Қожахмет Мырзахметұлының тапсырмасымен, ешқандай себепсіз, рұқсат құжатынсыз Жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері дүкендерді «бұзамыз» деген желеумен үркіту іс-шараларын жүргізуде. Тек Түркістан қаласы әкімінің қаулысымен дүкен бұзылуға жата ма? Тіпті Қаулыда бұзу жайлы сөз қозғалмаған. Бұл қаншалықты Президент саясатына және заңға сай? Дүкен жеке меншік құқығындағы мүлік болғандықтан, бұзылатын жағдайда тек сот шешімімен ғана бұзылуы тиіс емес пе? Осы сұрақтарға жауап беруіңізді өтінемін.
    Жауап күні:
    26 желтоқсан, 2018 - 19:53
    Жауап:
    Құрметті Ербол Дәулетханұлы! Сіздің Түркістан қаласы әкімдігінің 03.09.2018 жылғы №1241 қаулысының заңдылығына қатысты Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына жазған хатыңызды қала прокуратурасы құжаттарды зерделеу арқылы қарады. Түркістан қаласы әкімдігінің жанындағы мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының 26.07.2007 жылғы № 24710 шешімімен Түркістан қаласы Керуен сарай көшесі № 6 А мекен-жайда орналасқан дүкен ғимараты жария етілген. Сонымен қатар, қала әкімдігінің 28.01.2008 жылғы № 335 қаулысымен ғимаратты қабылдау актісі бекітілген. Жоғарыда көрсетілген шешім мен қаулының негізінде, аталған мекен-жайдың жер теліміне № 19-307-022-974 мемлекеттік акт Зейдуллаев Дәулетхан Зейдуллаевичтің атына рәсімделіп, әділет органына тіркелген. Алайда қала әкімдігімен мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясының 26.07.2007 жылғы № 24710 шешімінің және қала әкімдігінің 28.01.2008 жылғы № 335 қаулының күшін жою жөнінде 03.09.2018 жылы № 1241 заңсыз қаулы қабылдаған. Атап көрсеткенде, «Соттардың жер заңнамасының кейбір мәселелері туралы» 16.07.2007 жылғы № 6 нормативтік қаулысының 8-тармағына сай соттар, атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы өз шешімін онда көрсетілген талаптар орындалғанға дейін, мәселен, тұлға жер учаскесіне мемлекеттік акті алғанға дейін, өзгертуі, жоюы мүмкін екенін назарға алуы керек. Аталған құжаттарды алған сәттен бастап жер пайдаланушы жеке меншік, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану түріндегі жер пайдалану құқықтарына ие болады, сондықтан құқық туралы туындаған дау сот тәртібімен ғана шешілуі тиіс. Осы талапқа қарамастан қала әкімдігі 03.09.2018 жылы № 1241 санды заңсыз қаулы қабылдаған. Құжаттарды зерделеу нәтижесінде қала прокуратурасымен 03.09.2018 жылғы № 1241 санды заңсыз қаулының күшін жою жөнінде қала әкімінің атына наразылық келтірілді. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Түркістан қаласының прокуроры Р.Абдраимов орынд: М.Абдукаримов сымт.8-72533-3-19-42
  • Сұрақ №: 46815
    Дата: 13.10.2018 23:05:48
    Аты-жөні: Естаев Алтай
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаеқа ҚР Бас прокуроры Қ.П.Қожамжаровқа Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.К.Масимовқа ҚР Ішкі Істер министрі полиция генерал полковнигі Қ.Н.Қасымовқа ҚР білім және ғылым министрі Е.К.Сагадиевке Облыс прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік заңгер Н.М.Абдировке Түркістан облысы ІІД-нің бастығы полиция полковнигі Қ.С.Дальбековке Түркістан облысы білім Департаментінің басшысы К.С.Кулжановқа Түркістан облысы, Сайрам ауданы прокуроры аға әділет кеңесшісі О.Е.Абдрамановқа Түркістан облысы, Сайрам ауданы ІІБ-ның бастығы полиция полковнигі Е.А.Абдрамановқа Арызданушы: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Алатау көшесі № 21 үй тұрғыны Естаев Алтай Нышанбаевичтен 28.02.1975 ж.т. ИИН 750228302369 ұя.тел: +7 778 111 0110 А Р Ы З Менің арыз жазу себебім төмендегіше: Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, «Жанкент» орта мектебінде жұмыс атқарамын. 2018 жылдың басында Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Айнакулов Шәкір есімді азамат жұмысына шақырды. Ол сөз арасында өзіне 600 000 (алты жүз мың) тенге ақша қаражаттың зәру керек екендігін айтып, менен қарыз сұрады. Мен өзімнің тікелей басшым болғандықтан көмек беруді жөн көрдім. Арада бірнеше күн өткен соң туыстарымнан қарыз алып, Айнакулов Шәкірдің жұмыс орнына 600 000 (алты жүз мың) тенге ақша апарып бердім. Қарыз ақшаны 1 (бір) ай ішінде құтылатындығын айтты. Өзімнің басшым болғандықтан қолхат алуға бата алмадым. Арада жарты жылдан аса уақыт өткендігіне қарамастан Айнакулов Шәкір қарызды қайтаруға асықпады. Соңғы рет, өзінің жұмыс орнына шақырып, «Сенің ақшаңның орнына жұмысыңды жоғарлатып берейін» деді. Мен ол сөзді естіген кезде осындай лауазымды тұлғаның не айтып отырғандығын түсінбей қалдым. Сөйтсем менің ақшамды қайтарғысы келмеген Айнакулов Шәкір мені өзімнің жұмыс істеп жатқан жеріме басылыққа қойатындығын айтқан екен. Мен Ш.Айнакуловтың бұл шартына келіспей қарыз ақшаны қайтаруын сұрандым. Сол күннен бастап Ш.Айнакулов менің соңыма шырақ алып түсуді бастады. Өзімнің жұмыс істеп жатқан жердегі мектеп директорын маған қарсы қойып, болмашы себептермен ұрыс шығаруды бастады. Алайда, менің жұмысыма адал екендігімді білген соң, басқа әрекеттерге көшуді жөн көрді. Амалдарынан түк шықпағана соң, 06.09.2018 жылы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан базар маңына жолығуға шақырды. Ш.Айнакуловпен жолығып, сол жерде «1 сағаттан кейін Жданов ауылында орналасқан үйіме кел» деді. Ш.Айнакуловтың айтуымен мен сол уақытты туралап үйіне бардым. Үйін Ш.Айнакуловтың әйелі ашты. Мен ол кісіге күйеуі Ш.Айнакуловпен жолығуға келгендігімді айттым. «Шәкір үйге келмеді» деді. «Маған қарыз ақшаны беремін деген еді, Сізге тастап кетпеді ма?» деп сұрағанымда, артынан 20-22 жас шамасындағы жігіт себепсізден себепсіз балағаттай жөнелді. Ар намысыма тиетін сөздермен балағаттап, анамның ар намысын таптайтын сөздерге көшкен кезде, мен ашуланып, «Папаңды шақыр, мені үйіне шақырғандығы баласына боқтату ма?» дедім. Сол кезде әлгі жігіт үйіне жүгіріп кіріп, шолақ мылтық алып шықты. Мені сол жерде атып тастаймын деген соң автокөлігіме мініп қаша жөнелдім. Артымнан сарғылт келген «Lexus RX-300» автокөлігімен қуа жөнелді. Өміріме тікелей қауіп төнгенін сол кезде байқадым. Сайрам ауданы, Манкент ауылына дейін қашып келдім. Артымнан көрінбей қалған соң, жан жағыма қарай бергенім сол еді. Жаныма жақындап келіп бірнеше рет атыс қаруымен автокөлігімді атты. Қорыққанымнан автокөлігімнің жылдамдығын асыра айдап, Ақсукент ауылына келдім. Артымнан қалмастан қуып келді. Ақсукент ауылында орналасқан Сайрам АІІБ-ның қасына келген кезде барып артқа қайтарылды. Орын алған жәйт бойынша Сайрам АІІБ-на арыздандым. Арызым бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Тергеу амалдарын Сайрам АІІБ-ның тергеушісі Н.Сұлтанбаев жүргізді. Сол күні мені атыс қаруымен атқан азаматтың жеке басы анықталып, уақытша ұстауға алынды. Ол азамат 22.01.1998 жылы туылған Сейдан Есімхан Шакирұлы екен. Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ш.Айнакулотың баласы екен. Бірнеше күн өткеннен кейін Е.Ш.Сейданға кепіл зат қойылып уақытша қамаудан босатылғандығын естідім. Сайрам АІІБның тергеушісі Н.Сұлтанбаев сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізу барысына Сайрам аудандық прокуратура тарапынан қысым көріп отырғандығын ашып айтты. Тергеу бөлімінің басшысыда қылмыстық істі сотқа дейін бару бармайтындығын маған ашып айтты. Сайрам аудандық прокуратурасының прокуроры Самат Жамалбеков тікелей қылмыстық қудалау органының тергеушісіне қылмыстық істі тоқтамға алуға мәжбүрлеп отырғандығын айтып көрсетуде. Маған белгісіз себептермен Сайрам аудандық прокуратурасы менің арызым негізінде қозғалған қылмыстық істі сұратып алып осы күнге дейін қайтармай отыр. Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы және құқық қорғау органдарының басшылары! 1. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде азамат Сейдан Есімхан Шакирұлының іс-әрекеттеріне объективті баға беріп, менің арызым негізінде қозғалған ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 99 бабына қайта дәрежелеп, қылмыстық істі сотқа жолдауыңызды 2. Түркістан облысы ІІД-нің, Сайрам аудандық ІІБ-ның тергеушісі неліктен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарын біржақтама жүргізіп, менің ұсынған мәліметтеріме мән бермей отырғандығын анықтауыңызд 3. Сайрам аудандық прокуратурасы тарапынан қылмыстық істің заңды тергелуіне кедергі жасалып отырғандығын тексеруіңізді СҰРАНАМЫН !!!
    Жауап күні:
    26 қараша, 2018 - 18:00
    Жауап:
    А.Н. Естаевқа Алатау көшесі №21 үй Қарасу ауылы, Сайрам ауданы 160806 Құрметті Алтай Нышанбаевич! Сіздің, күдікті Е.Сейданның бұзақылық әрекетіне қатысты қылмыстық істің созбаландыққа салынғандығы туралы арызыңыз, облыс прокуратурасы қылмыстық іс құжаттарын зерделеу арқылы қарады. Е.Сейданның бұзақылық ниетпен «Lexus» м/б X111YDM автокөлігімен, Сіздің басқаруыңыздағы «Тойота Камри» 073ULA13 автокөлігіңіздің артынан қуалап келіп қарудан оқ ату қылмыс оқиғасы бойынша Сайрам АПБ-нің тергеушісі Н.Сұлтанбаевпен СДТБТ-не 06.09.2018ж. ҚК-тің 293-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (бұзақылық) тіркелгендігі анықталды. Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру барысында Е.Сейдан күдікті ретінде танылып, оған қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сонымен қатар, Сайрам аудандық прокуратурасынан осы қылмыстық іс бойынша процесс прокуроры айқындалып, 12.09.2018ж. жан-жақты, толық және объективті тергеп-тексеру амалдарын ұйымдастыру үшін қадағалау тәртібімен нұсқау берілді. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, тергеу нәтижесімен ҚПК-тің талаптарына сай күдіктіге қатысты түпкілікті шешім қабылданатын болады. Егер Сіз осы жауаппен келіспеген жағдайда, жоғарғы тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы екендігіңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры Н. Әбдіров орын. А. Бекмурзинов тел. 87015468350
  • Сұрақ №: 46814
    Дата: 13.10.2018 23:03:49

    26 қараша, 2018 - 18:01

  • Сұрақ №: 46813
    Дата: 13.10.2018 23:02:07
    Аты-жөні: Естаев Алтай
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаеқа ҚР Бас прокуроры Қ.П.Қожамжаровқа Облыс прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік заңгер Н.М.Абдировке Арызданушы: Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Алатау көшесі № 21 үй тұрғыны Естаев Алтай Нышанбаевичтен 28.02.1975 ж.т. ИИН 750228302369 ұя.тел: +7 778 111 0110 А Р Ы З Менің арыз жазу себебім төмендегіше: Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылы, «Жанкент» орта мектебінде жұмыс атқарамын. 2018 жылдың басында Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін уақытша атқарушы Айнакулов Шәкір есімді азамат жұмысына шақырды. Ол сөз арасында өзіне 600 000 (алты жүз мың) тенге ақша қаражаттың зәру керек екендігін айтып, менен қарыз сұрады. Мен өзімнің тікелей басшым болғандықтан көмек беруді жөн көрдім. Арада бірнеше күн өткен соң туыстарымнан қарыз алып, Айнакулов Шәкірдің жұмыс орнына 600 000 (алты жүз мың) тенге ақша апарып бердім. Қарыз ақшаны 1 (бір) ай ішінде құтылатындығын айтты. Өзімнің басшым болғандықтан қолхат алуға бата алмадым. Арада жарты жылдан аса уақыт өткендігіне қарамастан Айнакулов Шәкір қарызды қайтаруға асықпады. Соңғы рет, өзінің жұмыс орнына шақырып, «Сенің ақшаңның орнына жұмысыңды жоғарлатып берейін» деді. Мен ол сөзді естіген кезде осындай лауазымды тұлғаның не айтып отырғандығын түсінбей қалдым. Сөйтсем менің ақшамды қайтарғысы келмеген Айнакулов Шәкір мені өзімнің жұмыс істеп жатқан жеріме басылыққа қойатындығын айтқан екен. Мен Ш.Айнакуловтың бұл шартына келіспей қарыз ақшаны қайтаруын сұрандым. Сол күннен бастап Ш.Айнакулов менің соңыма шырақ алып түсуді бастады. Өзімнің жұмыс істеп жатқан жердегі мектеп директорын маған қарсы қойып, болмашы себептермен ұрыс шығаруды бастады. Алайда, менің жұмысыма адал екендігімді білген соң, басқа әрекеттерге көшуді жөн көрді. Амалдарынан түк шықпағана соң, 06.09.2018 жылы Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан базар маңына жолығуға шақырды. Ш.Айнакуловпен жолығып, сол жерде «1 сағаттан кейін Жданов ауылында орналасқан үйіме кел» деді. Ш.Айнакуловтың айтуымен мен сол уақытты туралап үйіне бардым. Үйін Ш.Айнакуловтың әйелі ашты. Мен ол кісіге күйеуі Ш.Айнакуловпен жолығуға келгендігімді айттым. «Шәкір үйге келмеді» деді. «Маған қарыз ақшаны беремін деген еді, Сізге тастап кетпеді ма?» деп сұрағанымда, артынан 20-22 жас шамасындағы жігіт себепсізден себепсіз балағаттай жөнелді. Ар намысыма тиетін сөздермен балағаттап, анамның ар намысын таптайтын сөздерге көшкен кезде, мен ашуланып, «Папаңды шақыр, мені үйіне шақырғандығы баласына боқтату ма?» дедім. Сол кезде әлгі жігіт үйіне жүгіріп кіріп, шолақ мылтық алып шықты. Мені сол жерде атып тастаймын деген соң автокөлігіме мініп қаша жөнелдім. Артымнан сарғылт келген «Lexus RX-300» автокөлігімен қуа жөнелді. Өміріме тікелей қауіп төнгенін сол кезде байқадым. Сайрам ауданы, Манкент ауылына дейін қашып келдім. Артымнан көрінбей қалған соң, жан жағыма қарай бергенім сол еді. Жаныма жақындап келіп бірнеше рет атыс қаруымен автокөлігімді атты. Қорыққанымнан автокөлігімнің жылдамдығын асыра айдап, Ақсукент ауылына келдім. Артымнан қалмастан қуып келді. Ақсукент ауылында орналасқан Сайрам АІІБ-ның қасына келген кезде барып артқа қайтарылды. Орын алған жәйт бойынша Сайрам АІІБ-на арыздандым. Арызым бойынша ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды. Тергеу амалдарын Сайрам АІІБ-ның тергеушісі Н.Сұлтанбаев жүргізді. Сол күні мені атыс қаруымен атқан азаматтың жеке басы анықталып, уақытша ұстауға алынды. Ол азамат 22.01.1998 жылы туылған Сейдан Есімхан Шакирұлы екен. Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Ш.Айнакулотың баласы екен. Бірнеше күн өткеннен кейін Е.Ш.Сейданға кепіл зат қойылып уақытша қамаудан босатылғандығын естідім. Сайрам АІІБның тергеушісі Н.Сұлтанбаев сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын жүргізу барысына Сайрам аудандық прокуратура тарапынан қысым көріп отырғандығын ашып айтты. Тергеу бөлімінің басшысыда қылмыстық істі сотқа дейін бару бармайтындығын маған ашып айтты. Сайрам аудандық прокуратурасының прокуроры Самат Жамалбеков тікелей қылмыстық қудалау органының тергеушісіне қылмыстық істі тоқтамға алуға мәжбүрлеп отырғандығын айтып көрсетуде. Маған белгісіз себептермен Сайрам аудандық прокуратурасы менің арызым негізінде қозғалған қылмыстық істі сұратып алып осы күнге дейін қайтармай отыр. Құрметті Нургалым Мажитович! 1. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде азамат Сейдан Есімхан Шакирұлының іс-әрекеттеріне объективті баға беріп, менің арызым негізінде қозғалған ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігімен қозғалған қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 99 бабына қайта дәрежелеп, қылмыстық істі сотқа жолдауыңызды 2. Түркістан облысы ІІД-нің, Сайрам аудандық ІІБ-ның тергеушісі неліктен сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарын біржақтама жүргізіп, менің ұсынған мәліметтеріме мән бермей отырғандығын анықтауыңызд 3. Сайрам аудандық прокуратурасы тарапынан қылмыстық істің заңды тергелуіне кедергі жасалып отырғандығын тексеруіңізді СҰРАНАМЫН !!!

Беттер