Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 83
    Дата: 05.12.2012 16:48:54
    Аты-жөні: Исмаилов Мухтар
    Сұрақ:
    Мен бұған дейін сіздің атыңызға ОҚО Түлкібас ауданының прокуроры М.Зұлпықаровтың № 12516003100144 санды 19.06.2012ж қылмыстық іс бойынша заңды өрескел бұзып қызметтік бабын асыра пайдаланып менің қорғауымдағы азаматтың конституциялық құқығына зор нұқсан келтіргендігі жөнінде тиісті дәлелді құжатттарды пошта арқылы және сайтыңызға арыз жолдағанмын. Осындай арызда облыс прокуроры И.Ә.Имановқа да жолдадым. Алайда аудан прокуроры өзінің заңсыз іс әрекетін жасыру және сізді шатастыру мақсатында №12516003100144 санды 19.06.2012 ж қылмыстық істі зергерлеуге (изучения) обл прокуратураға апарғанда іс материалдарына (делоға) осыдан бірнеше ай бұрын тағайындалып дайын болған қосымша комиссиялық экспертиза қорытындысын әдейіге тікпей жолдағандығын хабарлай отырып аталған құжат көшірмесін өзіңізге пошта арқылы қарау барысында назарға алу үшін жолдап отырмын. Құрметпен Адвокат М.Ж.Исмаилов Лиц. № 0004330 берілді 12.04.2011 ж әділет министрлігі Мекен жайы: Шымкент қаласы Кремлевская көшесі 4-ші үй 4-пәтер Уялы тел. 87756843616
    Жауап күні:
    2013-11-04
    Жауап:
    ismailov-5454@mail.ru Шымкент қаласы, №3 Заң конультациясының адвокаты М.Исмаиловқа А.Орынбаевқа Сіздің, үстіңізден қозғалған қылмыстық іспен келіспейтіндігіңіз жайлы жазған арыздарыңыз облыс прокуратурасымен қаралды. Өзіңізге белгілі, Түлкібас АІІБ-мен 19.06.2012 жылы А.Орынбаев, С.Кашкинбаев және белісіз адамға қатысты Е.Жидебайды үйінен алып шығып, ұрып соғып, аяғына травматикалық тапаншамен ату дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс қозғалған. 21.09.2012 жылы А.Орынбаевқа тергеуден қасақана жалтаруына байланысты ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлігімен сырттай айып тағылып, сол күні бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды және оны сотпен санкциялау талап-тілегі қозғалған. Аталған талап тілек 22.09.2012 жылы аудан прокуратурасымен қанағаттандырылып, аудандық соттың 22.09.2012 жылғы қаулысымен А.Орынбаевқа сырттай қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылған. 24.09.2012 жылы қылмыстық іс А.Орынбаевқа іздеу жариялануына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 50 бабының 1 бөлігінің 2 тармағы негізінде тоқтамға алынған. Алайда, облысттық соттың апелляциялық алқасымен 28.09.2012 жылы Түлкібас аудандық соттың 22.09.2012 жылғы А.Орынбаевқа сырттай қамауға алу түріндегі бұлтарпау шарасы қолдану туралы қаулысы бұзуылуына байланысты, іздеу ісі қысқартылған. Бұл қылмыстық іс қайта жаңғыртылып, тергеу нәтижесімен А.Орынбаевтың әрекеттері ҚР ҚК-нің 126 бабының 2 бөлігінің «а» тармағына қайта сараланып, екі жақтардың ымыраға келіп татуласуына байланысты 10.12.2012 жылы Түлкібас АІІБ-мен қылмыстық іс өндірістен қысқартылған. (ҚР ҚК-нің 67 б. 1 б.). Аталған қаулы аудан прокуратурасымен 30.12.2012 жылы бұзылып, А.Орынбаевтың іс әрекеттерінде қылмыс құрамы жоқ болуына байланысты қысқартылды. (ҚР ҚІЖК-нің 37 б. 1 б. 2 т.). Осы жауаппен келіспеген жағдайда, жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы екеніңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры И. Иманов орын. Б.Арыстанов
  • Сұрақ №: 51
    Дата: 04.12.2012 15:01:40
    Аты-жөні: Исмаилов Мухтар
    Сұрақ:
    Қосымша арыз Құрметті Ибраһим Әлжанұлы! Мен 27.11.2012 ж талон №4305 сіздің атыңызға Түлкібас ауданынаң прокуроры М.Зұлпықаровтың 19.06.2012 ж №12516003100144 санды қылмыстық іс бойынша заңсыз іс-әрекеттері туралы арыз және тиісті құжаттар жолдағанмын. Осы қылмыстық іс бойынша осыдан 4 ай бұрын қосымша комиссиялық экспертиза тағайындалып оның қорытындысы әлдеқашан дайын болғандығына қарамастан қылмыстық іс құжаттарына (Делоға) тігілмегендігін қосымша хабарлай отырып істі қарау барысында алдыруыңызды, назарға алуыңызды сұраймын. Адвокат М.Ж.Исмаиловтан Лиц. № 0004330 берілді 12.04.2011 ж әділет министрлігі Мекен жайы: Шымкент қаласы Кремлевская көшесі 4-ші үй 4-пәтер Уялы тел. 87756843616

Беттер