Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 45260
    Дата: 09.08.2018 13:40:56
    Аты-жөні: шырдабай Райкүл
    Сұрақ:
    Құрметті Абдраимов Руслан Әлжанұлы! Менің сізге хат жазу себебім қалалық білім бөліміне қарасты С.Сейфуллин атындағы мектеп лицейінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқаратын азаматша Дүйсеева Перизат Алиакпарқызының тарапынан анама жасалған зорлық-зомбылыққа араша сұраймын. Менің анам 1- топ мүгедегі жасы 72 ге келіп отырған кәрі зейнеткер ұстаз анам бар . Әрине қазақ баласын өсіріп жетілдірген соң сол баланың зейнетін көрсем деген үміті болады. Менің анам да 4 бала тәрбиелеп өсіріп барлығына жоғары білім алып беріп , енді қызықшылығын көрем ба деген кезінде 2005 жылы екі көзден глаукома диагнозымен бір жылда мүгедекке айналып қалды. Апарып қаратпаған жеріміз болмаса да жанарын қайтара алмадық. Содан анамыз ұлын үйлендіріп осы жоғарыда аталған азаматша П. Дүйсееваны келін қылып түсіріп ,тойын жасатып ,енді келіннің қолына қараймын дегенде ,келініміздің анамызға қарауға құлықсыз екендігі байқала бастады. Сонымен анамыз көбіне менің қолымда тұрып жүрді. Мен өзім Алматы облысында тұрмыстамын. Қыздың қолында отыруды анам онша қаламайтын да еді .Содан осыдан уш жыл бұрын ұлы Түркістан қаласынан үй салып анамды қолыма алам дегенде әрине анам қуанғанынан ұлының қолына барды. Ол кезде келіні Дүйсеева П математика мұғалімі болып сС.Сейфуллин мектебінде жұмыс жасап жатқан. Барғаннан келіні оны жақтыра қоймаған. Бірақ ұлын малданып анам сол келіннің қолында тұра бастайды. Оның үстіне салынған үйлері тұрған жері, менің сіңлімнің жері еді. Сол үйді інім өз атына аударуды анамнан сұрайды. Басында сіңлім қарсы болған аударып беруге. Бірақ өзі тұрмыста болғандықтан үнемі қағаздарын жөндеуге шығып келе алмағандықтан ол анамның атына аударып берді. Бірақ келіні мен баласы сонда да келіспей анама қайта қайта өтініш ете берген соң анам аударуға шешім қабылдады. Сосын мен келіннің мінезін білгендіктен анама ұлына сый ретінде ұсынуын сұрадым. Сонымен анам менің ойыммен келісіп үйді ұлына сый ретінде берді.Сол күннен кейін келінінің мінезі күрт өзгеріп үйде күнде айғай шу бола бастаған . Тіпті осы күнге дейін үнемі балағаттап ,аш тастап отырған. Анам іштен тынып бұны бізге айта алмай жүре береді. Тіпті кейіннен күйеуі жұмысқа кеткенде балағаттап қол көтеруді әдетке айналдыра бастаған . Оны біздер білмейміз. Ұлы 15 күн вахтамен мұнай саласында қызмет етеді.Ал күйеуі келгенде айтпайтындай етіп қорқытып ұстаған . Анам баласы келгенше 15 күн тек су мен нанды талғажау етіп күн көріп отырған. Тіпті моншаға түсіру туралы айтпай ақ қояйын. Баласы келгенде ғана әл жинап баласы өзі күтіп отырған. Тіпті күйеуін сыйламайтындығын айтпасам да түсініп отырған шығарсыз.Енді осы 2018 жылдың маусым айының 28-і күні ол енесін тағы да балағаттап (аяқ киімін дұрыс қоймағаны үшін ) ақыр аяғында қол жұмсап сол қолының екі саусағын екі жерден сындырып жіберген. Сонымен күні бойы анама жедел жәрдем шақырмай өтірік жылап отырсың деп ,аузына келгенін айтып, өз балаларын тамақтандырып, тіпті өзі жатып ұйықтап та алған. Оны сол мезгілде сіңлім хабарласып қалып Ванновкадан күйеуімен кештетіп жолшыбай участкелік полиция барып сол жерден жедел жәрдем шақыртады. Участкелік полиция капитаны Д.Балданов сол жерде болған оқиғаны тіркеп жедел жәрдем шақыртып ,жазылған арызды тіркейді. Ауруханаға барғанда анамның ортаңғы екі саусағының сынғаны анықталып қолына гипс салынады. Сол арыз негізінде сараптама жасауға қаулы жасалып сот медициналық сараптамадан өткізіліп жеңіл және орта деңгейдегі жарақаттар салынғаны анықталып , іс тергеуге өткізілді. Тергеуге бетпе бетке қатыстыру үшін шақыртылған соң 06.08.18 жылы Түркістан қалалық ҚПБ-нің АБ-нің анықтаушы Д. Жақыпбектің қабылдауында болып , болған оқиғаға байланысты өз түсініктемемізді беріп айыпталушы П.Дүйсееваның келуін күттік. П.Дүйсеева келген соң болған жағдайды мойындамағанымен қоймай, бізбен беттеспейтіндігін айтып ,сол жерде айқай- шу шығарып кетіп қалды. Сонда осындай жанкешті іс-әрекет арқылы тергеу ісін шатастыру арқылы, І- топ мүгедегін қорлап отырған адам жазадан сытылып кете салмақ па ? Тіпті күйеуінің анасынан кешірім сұраудың орнына , таныстарын қысым жасатып телефон шалғызып отыр. Сонда ол жасаған ісіне жауап бермей жүретіне сенімді түрде 72 анама қысым жасап отыр. Осының салдарынан анам ауырып төсек тартып жатып қалды. Осындай жасқа келгенде анамның жанына батпаса ,қорланбаса не үшін арызданады. Әрбір қазақ анасын сыйлаған оның берген ақ сүтін ақтауға тырысқан. Мен де осы анамның көз жасына жүрегім ауырып осы сіздерден қаныпезер П.Дүйсееваға жаза қолдануыңызды сұранамын. Осы сұрағым бойынша шара қолданып жәрдем бересіз деген үмітпен сізге хат жолдап отырмын. Құрметпен Есжан А.М
    Жауап күні:
    22 тамыз, 2018 - 18:16
    Жауап:
    Құрметті Айгүл Мүсіркепқызы! Сіздің анаңызға дене жарақатын салу фактісі бойынша жазған хатыңыз қала прокуратурасымен қаралды. Анаңыздың арызы негізінде 01.08.2018ж. Түркістан қалалық ІІБ-ның анықтаушысы Д.Жақыпбекпен ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Қазіргі таңда анықтау органымен қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеп-тексеру нәтижесімен тиісті процестік шешім қабылданады және қабылданған процестік шешім туралы анықтау органымен хабарланатын болады. Сонымен қатар, Сіз ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық істің шеңберінде тиісті тергеу әрекеттерін жүргізу немесе процестік шешім қабылдау жөнінде тікелей Түркістан қалалық ІІБ-на талап-тілек жасауға құқығыңыз бар. Егерде Сіз, осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
  • Сұрақ №: 45004
    Дата: 30.07.2018 13:50:57
    Аты-жөні: Әшірбек Ержан
    Сұрақ:
    Құрметті Нұрғалым мажитович!!! Шымкент қаласы, Самал-3 мөлтек ауданы, №5257 жер телімінде орналасқан тұрғын үйдің алдында автокөлік қосалқы бөлшектері сақталуда. Неліктен екендігі белгісіз, биік қоршалған жер телімінің артында үлкен қақпамен қоршалған жерде автокөліктерді соямен айналысуда. Аталған жер телімі Жусипбаев Нурлан Алыншаевич деген азаматқа тиесілі. Сонымен қатар ол азамат Шымкент қаласында орналасқан "Тұлпар" қосалқы бөлшектер базарында ескі автокөлік қосалқы бөлшектерін сатумен айналысады. Жоғарыда көрсетілген тұрғын үйде түнгі мезгілде автокөлік бұзумен айналысқан бірнеше азамат, күндізгі уақытта "Тұлпар" базарына бөлшектерді тасмалдайды. Бүтін автокөлік кіріп, қосалқы бөлшек ретінде бұзылып кетуде. Құрметті прокурор мырза! Қылмысты алдын алу мақсатында, Алматы қаласындағы Денис Тэннің қайғылы қазасынан кейін тағы да осындай оқыс оқиғаның болдырмау үшін аталған азаматтың үйінің алдында тұрған бұзылған автокөлік бөлшектерінің бұзылу заңдылығын тексеруіңізді сұранамын.
    Жауап күні:
    1 тамыз, 2018 - 15:27
    Жауап:
    Е.Т.Әшірбекке Жаңақұрылыс көшесі н/з Таскен ауылы Шымкент қаласы 160000 Құрметті Ержан Тәліпбекович! Сіздің Шымкент қаласы, Самал-3 мөлтек ауданы, №5257 үйдің алдында автокөліктердің қосалқы бөлшектерін азамат Н.Жусипбаевпен заңсыз сату деректері туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогына 30.07.18ж. (кіріс нөмірі 01-12000-18-00109 санды) жолдаған сауалыңыз облыс прокуратурасымен қаралды. «Прокуратура туралы» 30.06.17ж. ҚР Заңының 21-бабына сәйкес прокуратура органдарында: физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтары бұзылған; шектелмеген адамдар қатарының құқықтары бұзылған; адамдардың өмірі, денсаулығы немесе мемлекеттің қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға байланысты өтініштер қарайды. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңның 9-бабына сәйкес субъектiлер мен лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн объективтi, жан-жақты әрi уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етедi және олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша толық немесе iшiнара қанағаттандыру, өтiнiштiң мәнi бойынша түсiнiк береді. Осы Заңның 6-бабында жазбаша өтiнiшке, жеке тұлғаның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс. Сондықтан, Сіз сауал хатыңызда көрсетілген уәждеріңіз бойынша тексеру амалдарын жүргізу арқылы қарауды қажет ететіндіктен, тиісті уәкілеттік берілген органға жазбаша түрде арызбен жүгінуіңіз қажеттігін назарыңызға саламын. Одан бөлек, Сіздің хатта көрсетілген уәждеріңіз мәні бойынша қарау үшін облыстық ішкі істер департаментіне 31.07.18ж. хат жолданды. Сондай-ақ, лауазымды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекстің 292-бабына сәйкес сотта дау айтуға құқығыңыз бар екендігі туралы түсіндіріледі. Облыс прокуроры Н. Әбдіров Н.Мұстафаев 535437
  • Сұрақ №: 44980
    Дата: 28.07.2018 21:46:43
    Аты-жөні: Досметова Каримжан
    Сұрақ:
    19 мамыр 2007 жылғы Сайрам аудандық мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жүргізу жөніндегі комиссияның №37338 санды шешіміне сәйкес, Сайрам т.а. А.Темур көшесі №65 үйге жер кадастрлік №19-295-089-1997 санымен мемлекеттік акті алдым. Аталған жер телімі қырда орналасқан болатын. Сол жылдан бері аталған жер телімінің салығын уақытылы төлеп келемін. Осыдан 5 жыл бұрын менің меншігімдегі жер теліміне 25.03.1956 ж.т. Мусаметов Сайдакарим Кошкарович деген азамат келіп иеленіп жатқандығын естідім. Ол азаматпен жолығуға барсам, аталған жер телімінің топырағын сатумен айналысып жатыр екен. «Не істеп жатырсың» -деген сұрағыма, бұл жер телімін Сайрам т.а. тұрғыны бұрын бірнеше рет сотты болған «Сайрамбай» есімді азаматтан 25 000 (жиырма бес мың) АҚШ долларына сатып алғандығын көрсетті. Қолындағы құжаттарын сұрағанымда, маған тиесілі жер кадастрлік №19-295-089-1997 санымен мемлекеттік актіні көрсетті. Сол жылы С.К.Мусаметов менің жер телімінен 2000 куб шамасында топырақты өз пайдасына сатқандығын білдім. «Бұл мемлекеттік акті маған тиесілі және оны мен ешкімге сатқаным жоқпын» -дедім. Ол азамат бұрын бірнеше рет сотты болған қылмыс әлеміне белгілі «Сайрамбай» есімді азаматтан алғандығын және ол азамат менімен келіп сөйлесетіндігін айтты. Мен түрме колонналық полкінен «Прапорщик» шенімен зейнеткерлікке шыққан азаматпын. Мұндай қылмыскерлердің талайымен жұмыс барысында жолыққанмын. Сондықтан да, болар «Сайрамбай» есімді азамат маған мүлдем келмеді. Арада бірнеше жыл өткен соң, бұл жәйтті ұмыта бастаған едім. 2018 жылдың көктем айынан бастап С.К.Мусаметов қайтадан менің жер теліміме көзін тікті. Қазіргі таңда, С.К.Мусаметов менің жер телімінің шетіне тұрғын үй соғып төбесін жауып жатыр. Тез арада заңсыз әрекетін тоқтатуымды сұрағанымда «Сайрамбай» есімді қылмыскермен мені қорқытып отырі. Ол өзінің осы жер телімін «Сайрамбай» есімді азаматтан 25 000 (жиырма бес мың) АҚШ долларына сатып алғандығын алдығын және ол азамат маған келіп жолығатындығын алға тартуда. «Құжаттары «Сайрамбай» есімді азаматтың қолында» -деген уәжі ғана. Өзімнің меншігімдегі жер теліміме өзімді жақындатпай жатыр. Қартайған шағымда мұндай заңсыздыққа ұшыраймын деген ойым мүлдем болмаған еді. Оның үстіне қылмыскерді күніге бүгін келіп қалама деген қорқыныш та менің мазамды алуда. Құрметті құқық қорғау органының басшысы!!! 1. Жоғарыда көрсетілген мән-жайлардың негізінде азамат 25.03.1956 ж.т. Мусаметов Сайдкарим Кошкаровичтің іс-әрекеттеріне объективті баға беріп, менің меншігімдегі жер теліміне неліктен өзінше билік жасап отырғандығын анықтауыңызды 2. «Сайрамбай» есімді қылмыстық әлемге белгілі азаматтың менің меншігімдегі Сайрам т.а. А.Темур көшесі №65 үйге жер кадастрлік №19-295-089-1997 санды жер телімін неліктен құжатсыз 25 000 (жиырма бес мың) АҚШ долларына сатып жібергендігін анықтап, бөтен азаматтың сеніміме алаяқтық, яғни бөтен мүлiктi ұрлау немесе бөтен мүлiкке құқықты алдау немесе сенiмге қиянат жасау арқылы алуын әшкерелеп, ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-ші бөлігі 1-ші тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартуыңызды анықтауыңызды СҰРАНАМЫН!!!
    Жауап күні:
    7 тамыз, 2018 - 14:27
    Жауап:
    К.Ю. Досметовке Құрметті Каримжан Юнусматович ! Қаратау ауданы прокуратурасымен Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Блогына жазған Сайрам тұрғын алабы, Әмір-Темір көшесіндегі №65 үйдегі меншіктегі жер учаскеңізді С.Мусаметов өзінше неліктен билік жасап отырғанын және Сайрамбай есімді азамат неліктен құжатсыз сатып жібергенін анықтап, алаяқтық жолмен бөтен мүлікке құқықты иемденгенін әшкерелеп, қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған сауалыңыз қаралды. Сіздің сауалыңызда көрсетілген уәждер тексеру арқылы қарауды қажет ететіндіктен Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 6 және 7-баптарының талаптарын басшылыққа алып жергілікті ішкі істер органына арызбен жүгінуіңіз қажет екенін түсіндіремін. Қаратау ауданы прокуратурасы
  • Сұрақ №: 44837
    Дата: 23.07.2018 16:32:11
    Аты-жөні: Бурлибоева Нилуфар
    Сұрақ:
    Саламатсыздарма?! Мен ажрасу қағазын алғаныма 4 жыл болды. Алимент төленсін деген қаулыны 2014 жыл қырқұйек айында алдым. Ал сот орындаушылары 2016 жылы арең документтерімді тауып берді. Алимент жайлы ұмытып та кеткен. 1 жыл жүріп әрең алимент төлеттім. 4500 тенге ғана сондағысы. 1 жылдан соң тағыда жоғалды. Міне 1 жылдан асты сот орындаушым кім екенін таппай жүрмін. Өзім Алматы қаласында тұрып жатырмын. Сол себепты Сарагашқа барып қайту қиын. Іс шара қолдансаңыздар. Борышкер Агабаев Азимбек Муратович 14.02.1990 ж.
    Жауап күні:
    27 шілде, 2018 - 10:34
    Жауап:
    Н.Бурлибоеваға Құрметті Нилуфар Алтынбекқызы! Сіздің алимент өндіру туралы атқарушылық ісінің жоғалғандығы жөніндегі жазған арызыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. Анықталғаны, Сарыағаш аудандық №2 сотының 21.11.2014 жылғы актісі (№2-1107/14 санды сот бұйырығы) негізінде борышкер А.Агабаевтан сіздің пайдаңызға табыс кірісінен ¼ бөлігін өндіру белгіленген . Алғашқыда аталған атқару өндірісі мемелкеттік сот орындаушылар бөлімімен жүргізіліп (мемлекеттік сот орындаушы Д.Ахмедовпен), Сізбен берілген (17.08.2016 жылғы) арыздың негізінде сот орындаушы Д.Ахмедовпен 08.09.2016 жылы атқару құжатын қайтару жөнінде қаулы қабылданған. Осы атқару құжаты 13.09.2016 ж - 13.10.2017 жылдар аралығында Сарыағаш ауданының өңірлік учаскесінің жеке сот орындаушыларының (А.Умаров, Н.Перменов) өндірісінде болып, Сіздің өтінішіңізге сәйкес 13.10.2017 жылы жеке сот орындаушы Н.Перменовпен атқару құжатын қайтару жөнінде қаулы қабылданып, өндірісі тоқтатылған. Сізге атқару құжаты жеке сот орындаушы Н.Перменовте екендігін айта отырып, осы атқару құжатына қатысты уәждеріңізді жеке сот орындаушының тіркелген заңды мекен-жайы бойынша (Түркістан Облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы Мусин көшесі н/з үй) келтіруіңізге болады. Сонымен қатар, ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 138-бабында белгіленген тәртіппен, аталған атқару құжатын қалауыңыз бойынша мемлкеттік немесе жеке сот орындаушыларға орындауға қайта ұсынуға құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Сарыағаш ауданының прокуроры әділет кеңесшісі Ж.Нұрғали орын.А.Нұрлыбаев 8 705 489 64 21
  • Сұрақ №: 44753
    Дата: 19.07.2018 20:35:54
    Аты-жөні: Маматова Зулхумпор
    Сұрақ:
    Арызданушы: Өзбекстан Республикасы, Андижан қаласы, «Шымоли» мөлтек ауданы, №40 үй 48 пәтер тұрғыны Маматова Зулхумпор Ахмадалиевнадан 06.10.1963 ж.т. Өзбекстан Республикасының паспорты №AA7604622 17.11.2014 жылы берілген ұялы телефон: +998 93 445 45 58 +7 777 098 98 67 А Р Ы З Менің арыз жазу себебім төмендегіше: 04.06.2018 жылы Қазақстан Республикасы «Қазығұрт» шекаралық бақылау бекетінің аумағында Өзбекстан Республикасына шығу жолаушылар терминалының шекаралық бақылау терминал залында «Режим бақылау» шекара наряды құрамының сержанты Р.Тұрдалиев өзінің «Ачи» лақап атты қызметтік итімен өз қызметін атқару барысында, менің туған інім 06.02.1966 жылы туылған Юсупов Улугбек Ахмадали угли есірткі тасмалдау күдігімен тоқтатылып, өзінің қалтасынан есірткі затына ұқсас заттың бар екендігін анықталған. Аталған затты шекаралық бақылау терминал залына кіре берістен тауып алғандығын көрсеткен. Неліктен екендігі белгісіз, менің інім Юсупов Улугбек Ахмадали углині сол жерде өз еркімен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қалтасындағы затты бергендігіне қарамастан ҚР ҚК-нің 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен №1851544631000031 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында інім Юсупов Улугбек Ахмадали угли Өзбекстан Республикасының азаматы болуына және Қазақстан Республикасында тұрақты мекен-жайда тіркелмегендігіне байланысты сотқа дейін «қамауға алу» туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Алайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында төмендегі мән-жайлар ескерілмей отыр. Сондықтан да, ҚР ҚПК-нің 99 бабына сәйкес, қылмыстық қудалау органына қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды тергеу немесе басқа да құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету үшін өтінішхатпен жүгінуге құқылы екендігі ескере отыра төмендегіні мәлімдеймін. Атап айтқанда: 1. Інім 06.02.1966 жылы туылған Юсупов Улугбек Ахмадали угли қылмыстық істі тергеу барысында сотқа дейін қамауда отыруға денсаулығы мүлдем жарамайды. «Острый инфаркт миакарда» диагнозымен жүрегінен екі рет инсульт алған. Сонымен қатар, бауырына ота жасалып біршама бөлігін алып тасталынған інім Улугбек Ич-167/11 тергеу изоляторында жағдайы мүлдем төмендеп бара жатыр. Қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жеткенге дейін «Өзінен айырылып қаламын ба?» -деген қауіпім жоғары. (дәрігерлік анықтама көшірмелері қоса тіркелді) 2. Інім 06.02.1966 жылы туылған Юсупов Улугбек Ахмадали угли ҚР ҚК-нің 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен күдікті ретінде қамауға алынған. Алайда, ҚР ҚК-нің 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағында не көрсетілгендігін інім мүлдем білмейді. Өйткені, Өзбекстан Республикасында орта білім алған «Қазақ» тілінде жазуды оқи алмайды және айтылған сөздерді толығымен түсінбейді. ҚР шекара бекетінде ұсталған кезде өзінің іс-әрекетін түсіндіруге мүмкіндігі болмаған. Қылмыстық істе «өзбек тілінен қазақ тіліне аударуға» аудармашы мүлдем қатыстырылмаған. Жауап алу, беттестіру, қылмыс орын алған жерді қарау және айғақты затты алу кезінде аудармашы қатыстырылмаған. 3. 2020 әскери бөлімінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі К.Абдисабиров күдікті 06.02.1966 жылы туылған Юсупов Улугбек Ахмадали углины ұсталғандығы туралы хабарлама Өзбекстан Республикасына інімнің жанұясына жолданылмаған. Хабарлама осы күнге дейін інімнің мекен жайына келмеді. Басқа мемлекеттің азаматы «ауыр» қылмыс санатына жататын қылмыспен күдікті ретінде ұсталуына қарамастан Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшіге хабарлама жолданылмаған. 4. Қылмыстық іс бойынша інім Улугбектің қалтасынан тәркіленген есірткі затының аса үлкен мөлшерде еместігін,аталған заттың құндылығы және шекарадан алып өтуге қажеттілігі сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында мүлдем зерделенбей отыр. Өзбекстан Республикасына аталған есірткі затты шекара асыруға негіз бар жоқтығы тексерілмеген. Қажет болған жағдайда аталған затты Өзбекстан Республикасынан да табуға болады емес пе? Ол үшін шекарадан алып өту және сонша өзінің басын қауіпке төндіру қажеттігін тексермеуде. ҚҰРМЕТТІ БАС ПРОКУРОР, МИНИСТР МЫРЗА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ!!! Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, інім Юсупов Улугбек Ахмадали улгиге қатысты ҚР ҚК-нің 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен №1851544631000031 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын толыққанды тергелуін өзіңіздің қатаң бақылауыңызға алуыңызды СҰРАНАМЫН !!!
    Жауап күні:
    14 тамыз, 2018 - 12:09
    Жауап:
    З.А.Маматоваға (У.А.Юсуповтың мүддесі үшін) Шымоли мөлтек ауданы 40 үй 48 пәтер Андижан қаласы Өзбекстан Республикасы Құрметті Зулхумпор Ахмадалиевна! Сіздің Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жеке блогынан 20.07.18ж. түскен сұрағыңызды облыс прокуратурасы қарады. Сарыағаш АІІБ-мен Сіздің бауырыңыз У.А.Юсуповқа қатысты ҚР ҚК-тің 296-бабы 3-бөлігі, 286-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен қозғалған қылмыстық ісі ҚР ҚПК-тің 300-бабының талаптарына сәйкес айыптау актісімен Сарыағаш аудандық прокуратурасына 26.07.18ж. түскен. Зерделеу нәтижесімен аталған қылмыстық іс ҚР ҚПК-тің 305-бабының талаптарына сәйкес айыптау актісімен негізінен қарау үшін Сарыағаш аудандық сотына 03.08.18ж. жолданған. Бүгінгі таңда қылмыстық іс сотпен қаралуда. Осыған орай ҚР ҚПК-нің 99 бабының талаптарына сай Сіз барлық уәждеріңізді, ініңіз У.Юсуповтың қорғаушысы арқылы сотқа талап-тілек келтіруге құқылы екеніңізді түсіндіремін. Облыс прокуроры Н.Әбдіров орынд.: Н.Тохтаров тел: 53-09-13/156

Беттер