Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 44752
    Дата: 19.07.2018 20:34:06
    Аты-жөні: Маматова Зулхумпор
    Сұрақ:
    ұялы телефон: +998 93 445 45 58 +7 777 098 98 67 А Р Ы З Менің арыз жазу себебім төмендегіше: 04.06.2018 жылы Қазақстан Республикасы «Қазығұрт» шекаралық бақылау бекетінің аумағында Өзбекстан Республикасына шығу жолаушылар терминалының шекаралық бақылау терминал залында «Режим бақылау» шекара наряды құрамының сержанты Р.Тұрдалиев өзінің «Ачи» лақап атты қызметтік итімен өз қызметін атқару барысында, менің туған інім 06.02.1966 жылы туылған Юсупов Улугбек Ахмадали угли есірткі тасмалдау күдігімен тоқтатылып, өзінің қалтасынан есірткі затына ұқсас заттың бар екендігін анықталған. Аталған затты шекаралық бақылау терминал залына кіре берістен тауып алғандығын көрсеткен. Неліктен екендігі белгісіз, менің інім Юсупов Улугбек Ахмадали углині сол жерде өз еркімен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қалтасындағы затты бергендігіне қарамастан ҚР ҚК-нің 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен №1851544631000031 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында інім Юсупов Улугбек Ахмадали угли Өзбекстан Республикасының азаматы болуына және Қазақстан Республикасында тұрақты мекен-жайда тіркелмегендігіне байланысты сотқа дейін «қамауға алу» туралы бұлтартпау шарасы қолданылған. Алайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында төмендегі мән-жайлар ескерілмей отыр. Сондықтан да, ҚР ҚПК-нің 99 бабына сәйкес, қылмыстық қудалау органына қылмыстық процесс барысында маңызы бар мән-жайларды тергеу немесе басқа да құқықтар мен заңды мүдделерді қамтамасыз ету үшін өтінішхатпен жүгінуге құқылы екендігі ескере отыра төмендегіні мәлімдеймін. Атап айтқанда: 1. Інім 06.02.1966 жылы туылған Юсупов Улугбек Ахмадали угли қылмыстық істі тергеу барысында сотқа дейін қамауда отыруға денсаулығы мүлдем жарамайды. «Острый инфаркт миакарда» диагнозымен жүрегінен екі рет инсульт алған. Сонымен қатар, бауырына ота жасалып біршама бөлігін алып тасталынған інім Улугбек Ич-167/11 тергеу изоляторында жағдайы мүлдем төмендеп бара жатыр. Қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жеткенге дейін «Өзінен айырылып қаламын ба?» -деген қауіпім жоғары. (дәрігерлік анықтама көшірмелері қоса тіркелді) 2. Інім 06.02.1966 жылы туылған Юсупов Улугбек Ахмадали угли ҚР ҚК-нің 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен күдікті ретінде қамауға алынған. Алайда, ҚР ҚК-нің 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағында не көрсетілгендігін інім мүлдем білмейді. Өйткені, Өзбекстан Республикасында орта білім алған «Қазақ» тілінде жазуды оқи алмайды және айтылған сөздерді толығымен түсінбейді. ҚР шекара бекетінде ұсталған кезде өзінің іс-әрекетін түсіндіруге мүмкіндігі болмаған. Қылмыстық істе «өзбек тілінен қазақ тіліне аударуға» аудармашы мүлдем қатыстырылмаған. Жауап алу, беттестіру, қылмыс орын алған жерді қарау және айғақты затты алу кезінде аудармашы қатыстырылмаған. 3. 2020 әскери бөлімінің анықтау және әкімшілік іс жүргізу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі К.Абдисабиров күдікті 06.02.1966 жылы туылған Юсупов Улугбек Ахмадали углины ұсталғандығы туралы хабарлама Өзбекстан Республикасына інімнің жанұясына жолданылмаған. Хабарлама осы күнге дейін інімнің мекен жайына келмеді. Басқа мемлекеттің азаматы «ауыр» қылмыс санатына жататын қылмыспен күдікті ретінде ұсталуына қарамастан Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшіге хабарлама жолданылмаған. 4. Қылмыстық іс бойынша інім Улугбектің қалтасынан тәркіленген есірткі затының аса үлкен мөлшерде еместігін,аталған заттың құндылығы және шекарадан алып өтуге қажеттілігі сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында мүлдем зерделенбей отыр. Өзбекстан Республикасына аталған есірткі затты шекара асыруға негіз бар жоқтығы тексерілмеген. Қажет болған жағдайда аталған затты Өзбекстан Республикасынан да табуға болады емес пе? Ол үшін шекарадан алып өту және сонша өзінің басын қауіпке төндіру қажеттігін тексермеуде. ҚҰРМЕТТІ ЖОМАРТ НУРГАЛИОВИЧ НУРГАЛИ МЫРЗА!!! Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде, інім Юсупов Улугбек Ахмадали улгиге қатысты ҚР ҚК-нің 286 бабы 2 бөлігі 5 тармағымен №1851544631000031 санды сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын толыққанды тергелуін өзіңіздің қатаң бақылауыңызға алуыңызды СҰРАНАМЫН !!!
    Жауап күні:
    31 шілде, 2018 - 09:41
    Жауап:
    З.Маматоваға Шымоли мөлтек ауданы 40 үй, 48 пәтер Андижан қаласы Өзбекстан Республикасы 170102 Құрметті Зулхумпор Ахмадалиевна! Сіздің ініңіз У.Юсуповқа қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізу кезінде орын алған кемшіліктер жөнінде 20.07.2018ж. 01-1213-18-00004 кіріс санымен тіркелген арызыңыз аудан прокуратурасында қаралды. Өзіңізге белгілі, 04.06.2018ж. «Қазығұрт» шекаралық бақылау бекетінің аумағында Қазақстан Республикасы бағытында шығу жолаушылар терминалының шекаралық бақылау терминал залында «режим бақылау» шекара қызметкерлерімен У.Юсуповтың есірткі затын өзімен сақтап, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз алып өткізу кезінде ұсталған. Есірткі құралдарын, психотропты заттарды және прекурсорларды сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, 1,2849 грамм есірткі құралы-каннабис шайыры есірткі заты екені анықталған. 04.06.2018ж. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы 3-бөлігі және 286-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен тергеп-тексеру амалдары басталған. 04.06.2018ж. іс бойынша У.Юсупов күдікті ретінде ұстап алынып, Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. 05.06.2018ж. 15/1-10-8614 шығыс санымен оның ұсталғандығы жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне хабарлама жолданған және іс бойынша өзбек тілінің аудармашы маманы мен қорғаушы қатыстырылған. Сарыағаш аудандық сотының 06.06.2018 ж. актісімен У.Юсуповқа қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, Шымкент қаласы ИЧ-167/11 мекемесінің тергеу изоляторына енгізілді. Бұл ретте, Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіпте қағидаларын бекіту туралы Заңының 14-тарауына сай, медициналық бөлім мамандары күдіктiлермен айыпталушылар тергеу изоляторына келiп түскен кезде үш күндiк мерзiмде оларды мiндеттi медициналық қараудан, сондай-ақ флюрографиялық және зертханалық тексеруден өткiзедi. Медициналық тексеруден өтпеген адамдар басқа күдіктiлер мен айыпталушылардан бөлек ұсталады. Медициналық тексерудiң нәтижелерi күдіктi немесе айыпталушының медициналық амбулаториялық картасында белгiленедi. Сонымен қатар, күдіктiлер мен айыпталушылар тергеу изоляторының медицина қызметкерiне күнделiктi камераларды аралаған кезде медициналық көмекке, ал ауру асқынған жағдайда тергеу изоляторының кез келген қызметкерiне жүгінеді. Күдікті немесе айыпталушы жүгінген қызметкер оған медициналық көмек көрсету үшiн шаралар қабылдайды. Бұдан бөлек, күдіктiлер мен айыпталушыларға амбулаториялық көмек камераларда, өзге де үй-жайларда, сондай-ақ тергеу изоляторының медициналық бөлiмiнiң мамандандырылған кабинеттерiнде көрсетiледi және туыстарынан алынған медициналық препараттар медициналық бөлiмде сақталады. Осыған орай, ініңіз У.Юсуповқа қажетті медициналық көмек көрсетуге және басқада оның денсаулығына қатысты уәжіңіз бар болған жағдайда, Шымкент қаласы ИЧ-167/11 мекемесіне өтінішпен жүгіне аласыз. Берілген жауаппен келіспеген жағдайда жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылысыз. Сарыағаш ауданының прокуроры Ж.Нұрғали орын: Д.Мусаев тел: 2-27-31
  • Сұрақ №: 44709
    Дата: 18.07.2018 17:58:37
    Аты-жөні: Айботаев Канат
    Сұрақ:
    Құрметті прокурор мырза! 2018 жылдың 16 мамырында Атакент кентінің тұрғыны Жуманов Жанибек Бедилханович біздің үстімізден яғни, Айботаев Канат және Мырзалиев Ұлықбектің жоғары тұрғын органдарға арыз жазып еді, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Президентіне, ҚР премьер-министріне, мемлекеттік аудитке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет агентіне шағымданған болатын. Аудан әкіміне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бөліміне (қаржы.полиция) бірнеше рет түсініктеме жазып берген болатынбыз. Бірақ әлі күнге хабарлама алған жоқпыз. Бізге хабарлама алуға жәрдем беруіңізді сұраймыз.
    Жауап күні:
    15 тамыз, 2018 - 19:34
    Жауап:
    Қ.Б. Айботаевқа Құрметті Қанат Бейсенбайұлы! Сіздің Ж.Жумановтың Сізге қатысты құзырлы органдарға жазған арызы бойынша қандай шара қолданылғаны туралы жазған 19.07.18ж. сұрағыңызды облыс прокуратурасы қарады. Ж.Жуманов Сізге және Ұ.Мырзалиевке қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша Департаментіне 28.05.18ж. арызданып, арызда көрсетілген уәждері өз дәлелін таппағандықтан қылмыстық істің құрамы болмауына байланысты номенклатуралық іс құжаттарына тіркелгенін хабарлаймын. Облыс прокуроры Н. Әбдіров  Н.Махадилов  540841
  • Сұрақ №: 44674
    Дата: 17.07.2018 15:37:30
    Аты-жөні: Әжібаева Эльмира
    Сұрақ:
    Салеметсиздер ме? Мен 30.12.2013 жылы занды турде ажырасканмын,кызыма алимент алатын едим,енди 9.05.2018 жылы кызымнын акеси кайтыс болды,кызымды пенсияга шыгарайын десем,ЦОН олгени туралы кагаз сурап жатыр.Мен ажыраскан сон онын аке-шешеси,бауырлары маган оригиналын бермей жатыр,заверит етип берди,заверит етип бергени кызымнын пенсиясына жарамайды екен. Оригиналын канша сурасамда бермей жатыр. Мен кызымды пенсияга шыгару ушин,кызымнын акесинин олгени туралы кужатты кимнен,кайдан алсам болады.
    Жауап күні:
    2 тамыз, 2018 - 10:07
    Жауап:
    Э.Б. Әжібаеваға Құрметті Эльмира Бектибаевна! Аудан прокуратурасымен Сіздің 18.07.2018 жылғы қызыңыздың асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға қажет құжаттар және бұрынғы жұбайыңыздың қайтыс болғаны туралы куәлікті қалай алу қажеттігі туралы сұрағыңыз аудан прокуратурасымен қаралды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының мәліметіне сай, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8 қосымшасы 9 тармағына сәйкес, асыраушысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау үшін: 1)жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азамттығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтияры) – жеке басын сәйкестендіру үшін қажет; 2)тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат; 3) асыраушысы қайтыс болу туралы куәлігі немесе соттың адамды хабар-ошарсыз кетті деп танығаны туралы немесе қайтыс болды деп жариялағаны туралы шешімі; 4)қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) адаммен туыстық қатынастарды растайтын құжаттар, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы, қайтыс болған асыраушының балаларының туу туралы, асырап алу туралы куәліктері; 5)№236 бұйрықпен бекітілген нысан бойынша отбасы мүшелері күндізгі оқу нысанында білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарынан алынған анықтамалар (жыл сайын жаңартылады); 6)банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы қажет; Балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу жағдайында, балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді растайтын құжаттар. Бұл мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацияда құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні болып табылады. Ал, азаматтың қайтыс болғаны туралы куәлікті алу «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» ҚР Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №219 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бұл қызметті алу үшін Сіз "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (яғни, халыққа қызмет көрсету орталықтары) бөлімдеріне жүгінуіңіз қажет. Қайтыс болу туралы куәлік қайтыс болған адамның мұрагерлеріне, мұрагерлер аясына кіретін жақын туыстарына не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне беріледі. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) беру туралы өтініш берген кезде қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар қосымша ұсынылады. Шымкент қаласы Абай ауданының прокуроры Ж. Әділбайұлы орын: Б.Есенов тел: 33-85-50
  • Сұрақ №: 44620
    Дата: 16.07.2018 10:44:17
    Аты-жөні: Абитаева Бибигул
    Сұрақ:
    Кайырлы кун!Нуржан Акыпбекович! Мен Абитаева Бибигул Кувватовна,Тургылықты жерым Шымкент каласы, Нижний Отырар 15 үй,41 пәтер.2018 жылы 14 ақпан куны тустен ауа уйымде урлык болды.600 000 мын тенге урланган. Сол куны кылмыстык іс ашылган осы номермен 185112031000879,14.03.2018 ж. Сол сатте менен арызды тергеушы Жолдасбаев Абылайхан,Кайипов Ерлан жанында учаске полициясы Оспанов Нурлан алды. Мен арызда кудыкты тұлгаларды корсеткенмын. Сол куны күдіктілерды устап алып барган. Міне неше ай өтті бір де бір нәтиже жок. Жұмыс орындарына барып сөйлесейын десем, орындарында жок болады,телефондарын көтермейды.Мен жалгыз басты анамын. Патер жалдап турып журмын. Сізден сурарым осы іс осылай кала бере ма?
    Жауап күні:
    28 шілде, 2018 - 12:10
    Жауап:
    Б.К. Абитаеваға Құрметті Бибигул Кувватовна! Сіздің, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргізілу барысы туралы Бас Прокурордың блогына жолдаған сұрағыңыз, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасымен қылмыстық іс құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. Қылмыстық іс құжаттарын зерделеу барысында, Сіздің арызыңыз негізінде 14.02.2018 жылы Әл-Фараби ПБ-нің тергеушісі А.Жолдасбаевпен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) тергеп-тексеру басталып, нәтижесімен 14.03.2018 жылы тергеушімен ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағымен, яғни қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты қылмыстық істің тергеу мерзімі үзілгендігі анықталды. Бұдан әрі, 24.07.2018 жылы істің өндірісі тергеуші Е.Тағабаймен жандандырылып, тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өз кезегінде, Сіздің өтінішхатыңыз негізінде және ҚР ҚПК-нің 193-бабының талабына сай, қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдану мақсатында 27.07.2018 жылы аудан прокуратурасымен Әл-Фараби ПБ-нің тергеушісіне жазбаша нұсқау берілді. Қазіргі таңда, іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оның нәтижесімен Сізге қылмыстық қудалау органымен хабарланатын болады. Осыны хабарлай отырып, Сіз ҚР ҚПК-нің 99-бабының талабына сәйкес, қылмыстық қудалау органына іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін талап-тілек қоюға құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіз жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Әл-Фараби ауданының прокуроры Н. Сейдалиев Орын:Б.Тұяқбаев Сым:33-87-08
  • Сұрақ №: 44619
    Дата: 16.07.2018 10:43:00
    Аты-жөні: Абитаева Бибигул
    Сұрақ:
    Кайырлы кун!Нуржан Акыпбекович! Мен Абитаева Бибигул Кувватовна,Тургылықты жерым Шымкент каласы, Нижний Отырар 15 үй,41 пәтер.2018 жылы 14 ақпан куны тустен ауа уйымде урлык болды.600 000 мын тенге урланган. Сол куны кылмыстык іс ашылган осы номермен 185112031000879,14.03.2018 ж. Сол сатте менен арызды тергеушы Жолдасбаев Абылайхан,Кайипов Ерлан жанында учаске полициясы Оспанов Нурлан алды. Мен арызда кудыкты тұлгаларды корсеткенмын. Сол куны күдіктілерды устап алып барган. Міне неше ай өтті бір де бір нәтиже жок. Жұмыс орындарына барып сөйлесейын десем, орындарында жок болады,телефондарын көтермейды.Мен жалгыз басты анамын. Патер жалдап турып журмын. Сізден сурарым осы іс осылай кала бере ма?
    Жауап күні:
    28 шілде, 2018 - 12:10
    Жауап:
    Б.К. Абитаеваға Құрметті Бибигул Кувватовна! Сіздің, қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүргізілу барысы туралы Бас Прокурордың блогына жолдаған сұрағыңыз, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасымен қылмыстық іс құжаттарын зерделеу арқылы қаралды. Қылмыстық іс құжаттарын зерделеу барысында, Сіздің арызыңыз негізінде 14.02.2018 жылы Әл-Фараби ПБ-нің тергеушісі А.Жолдасбаевпен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) тергеп-тексеру басталып, нәтижесімен 14.03.2018 жылы тергеушімен ҚР ҚПК-нің 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағымен, яғни қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның анықталмауына байланысты қылмыстық істің тергеу мерзімі үзілгендігі анықталды. Бұдан әрі, 24.07.2018 жылы істің өндірісі тергеуші Е.Тағабаймен жандандырылып, тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Өз кезегінде, Сіздің өтінішхатыңыз негізінде және ҚР ҚПК-нің 193-бабының талабына сай, қылмыстық істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдану мақсатында 27.07.2018 жылы аудан прокуратурасымен Әл-Фараби ПБ-нің тергеушісіне жазбаша нұсқау берілді. Қазіргі таңда, іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, оның нәтижесімен Сізге қылмыстық қудалау органымен хабарланатын болады. Осыны хабарлай отырып, Сіз ҚР ҚПК-нің 99-бабының талабына сәйкес, қылмыстық қудалау органына іс бойынша маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін талап-тілек қоюға құқылысыз. Осы жауаппен келіспеген жағдайда Сіз жоғары тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз. Әл-Фараби ауданының прокуроры Н. Сейдалиев Орын:Б.Тұяқбаев Сым:33-87-08

Беттер