Ағымдағы жылдың жұмысы қорытындыланды

27 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түркістан облысы прокуратурасының Алқа мәжілісінде ағымдағы жылдың жұмыстарына  қорытынды жасалды.

Аталған мерзім ішінде қылмыс деңгейі 24,2%-ға төмендеді. Қарақшылық- 23,1%,тонау - 33,5%, ұрлық - 32,3%, ал алаяқтық - 13,9% азайды.

450 мыңға жуық азаматтардың құқықтары қорғалды, оның ішінде 74 мыңы кәмелет жасқа толмағандар және 8 мыңы жеке кәсіпкерлер.

2 мыңнан аса жұмыскерлерге 45 миллион теңгеге жуық жалақы төленді.

Мемлекетке 2 миллиардтан аса теңге көлеміндегі пайдаланылмаған жер учаскелері қайтарылды.

Заңды бұзған 2 мыңға жуық лауазымды қызметкерлер жазаланып, оның 5-і қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

102 азаматқа шығарылған үкімді соттардың қайта қарауының нәтижесінде 55 азаматқа қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді.

Өңірдегі тұрғындардың наразылығын тудыруы мүмкін болған 192 проблемалық мәселелер айқындалып, бақылауға алынған. Ол мәселелерді шешу мақсатында облыс деңгейіндегі орган басшылары өңірлерге арнайы шығып, халықпен кездесіп, айқындалған проблемаларды егжей-тегжейлі талқылау арқылы 89 қиын мәселенің оңды шешілуіне қол жеткізді.

Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша облыс прокуроры алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер мен негізгі бағыттарды белгілеп, прокуратура қызмектерлеріне өңірде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, заңдардың қатаң сақталуы мен құқық бұзу әрекеттеріне тосқауыл қою, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуге байланысты нақты тапсырмалар берді.

 

Түркістан облысының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу