Браконьерлерге қарсы күресті күшейту тапсырылды

15 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Браконьерлерге қарсы күресті күшейту тапсырылды - 1120509502

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров  жергілікті тұрғындармен жеке сұхбаттасу үшін Шардара қаласына барды.

Шардара 1968 жылы құрылған және Шардара су қоймасы бойында орналасқан аудан орталығының қаласы болып табылады.

Аудан Түркістан облысының шалғайында орналасқан, жетуі қиын елді мекендердерінің бірі.

Нұрғалым Әбдіровтің  жұмыс  сапары Қоссейт, Тұрысбеков пен Жаушықұм ауыл округтерінен 100-ге жуық азамат жиналған халықпен кездесу іс-шарасынан басталды.  

Іс-шарада таяуда аудан прокуроры болып тағайындалған Р.Абдраимов аудандағы өзекті мәселелерді шешуде қабылдаған шаралармен таныстырды.

Жиналыста сөз алған ауданның полиция және білім беру бөлімдерінің басшылары қылмыстыққа қарсы, оның ішінде кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарған жұмыстарын баяндады.

Іс шара жеке қабылдаумен жалғасын тауып, келген 9 азамат тындалды.

Жергілікті тұрғындардың шағымданған негізгі мәселелері: ауыз судың сапасы, аудан орталығының табиғи газбен қамтамасыз етілмеуі, су қоймасының жағалауында туризмді жандандыру мен сол аймақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек беру, өз бетінше жер қойнауын пайдалану мен агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау, көп балалы отбасыларға қайтарымсыз қарыз беру туралы болды.

Облыс прокуроры Н.Әбдіров облыс сотының төрағасы Т.Баратбековпен, сондай-ақ полиция департаменті мен кәсіпкерлер палатасының басшыларымен бірлесіп, аудан орталығында жергілікті активпен кездесу өткізді. Онда кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі болған жер телімдерін мемлекет пайдасына қайтарудың сот тәжірбиесіне қатысты мәселемен қатар балық ресурстарындағы браконьерлік пен мал ұрлығы, жол-көлік оқиғалары мен кәмелеттік жасқа толмағандардың арасындағы және оларға қатысты жасалған қылмыстардың алдын алу жөніндегі шаралары талқыланды.

Ауданда мал ұрлығы 39,3%, есірткі затына қатысты қылмыс 100%, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бойынша қылмыс 33,3% және алаяқтық 100% өскені байқалады.

Өзекті мәселелердің бірі браконьерлермен күрес жұмыстары болып қалуда. Ағымдағы жылдың басынан полиция органымен 1 қылмыстық және 43 әкімшілік іс қозғалған. Қылмысқа жауаптылықтың барына қарамастан заң бұзушылықтардың саны азаймауда. Табиғат ресурстарын айналымға түсіру бойынша браконьерлердің заңсыз әрекеттерінің көлемі үнемі арту үстінде. Құқық бұзушылар барлық шектеу мен ережелерді елемей, өз істерін бәсеңдетпей, заңсыз әрекеттерін жалғастыруда.

Өз кезегінде облыс прокуроры тарапынан құзырлы органдардың  профилактиалық жұмыстарының әлсіздігінің салдарынан жоғарыда атап көрсетілген қылмыс түрлерінің өсуіне себеп болғандары атап өтілді.

Мәжілісті қорытындылаған облыс прокуроры Н.Әбдіров аудан прокуроры Р.Абдраимовқа және полиция қызметіне аудандағы заңдылықты нығайту жөнінде нақты тапсырмаларды берді. Сонымен қатар осы ауданның лауазым иелеріне түйткілді мәселелерді шешу мен қылмысқа қарсы күрес жүргізу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жандандыру бойынша жекелеген ұсыныстарды берілді.

 

 

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу