Бүгін Түркістан облысының прокуратурасында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен мемлекеттік айыптаудың сапасын арттыруға бағытталған семинар-кеңес өткізілді

20 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бүгін Түркістан облысының прокуратурасында облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен мемлекеттік айыптаудың сапасын арттыруға бағытталған семинар-кеңес өткізілді - 1241764914

Іс-шараға прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының шұғыл қызметкерлері мен соттар қатысты.

Дәрісті өткізуге ҚР Бас Прокурорының 2019 жылды «Сот қадағалауының жылы» деп жариялауынегіз болды және оның басты мақсатыазаматтар құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мен мемлекеттік айыптауды қолдау барысында туындайтын проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылау мен кемшіліктерге жол бермеу болып табылады.

Қазіргі таңдаоблыстың қала мен аудан прокуратураларында 17 мемлекеттік айыптаушы қызмет атқарады.Олардың мемлекеттік айыптауды қолдаудағы еңбек өтіліне тоқталсақ: еңбек өтілі 1 жылға дейінгі қызметкерлер саны – 5, еңбек өтілі 3 жылға дейінгі қызметкерлер – 8, еңбек өтілі 3 жылдан жоғары қызметкерлер саны  - 4 құрайды.

Мемлекеттік айыптаушылардың сапасын арттыру мақсатында үстіміздегі жылы «Мемлекеттік айыптаушылар форумы» өткізіліп, біліктілікті көтеру мақсатында қала мен ауданға шығу арқылы практикалық көмектер көрсетілді. Сонымен қатар«Үздік мемлекеттік айыптаушы» байқауы өткізіліп, жеңімпаз қызметкерлер марапатталды.

Облыс прокуроры Н.Әбдіров қылмыстық істерді қарау барысында мемлекеттік айыптаушылар сотқа дұрыс бағыт-бағдар бере отырып, заңға сәйкес негізді әрі заңды сот қаулысының қабылдануына барынша үлес қосу қажетігін, ол үшінмемлекеттік айыптаушылардың іске қатысу деңгейін одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Жыныстық тиіспеушлік, нәпсіқұмарлық зорлығы және кәмелетке толмағандармен жасалып отырған құқық бұзушылықтар бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болғандықтан семинар барысында Түркістан облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Қоңырбаев «Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың сотта қарау ерекшелігі» тақырыбында дәріс оқып, аталған қылмыстық істерді сотта қарау барысындағы проблемаларға тоқталды.

Соттармен пікір алмасу арқылы проблемалық мәселелерді бірлесіп талқылау мен кемшіліктерге жол бермеу, азаматтардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ой пікірлер мен тұжырымдар жасалынды.

Кездесуде сот ісін жүргізу тілінің сақталмайтыны, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың сотта қарау ерекшелігі, нәсіпқұмарлық сипатындағы сексуалдық қылмыстарды тергеп-тексеру мен қаралу ерекшеліктері, алимент борышкерлерін қылмыстық жауаптылыққа тарту практикасының жоқтығы туралы проблемалар көтіріліп, оны шешу жөнінде методикалық әдістемелер дайындау жөнінде ұсыныстар жасалды.

 

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу