Бюджет қаржысы мақсатсыз жұмсалу дерегі анықталды

01 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түлкібас ауданының прокуратурасы аудандық білім бөлімінде 5 млн. теңгеге бюджет қаржының мақсатсыз жұмсалу дерегін анықтады.

2016-2017 жылдары және ағымдағы жылдың 4 айында Білім бөлімі 46 қызметкерге ай сайын 5 мың теңгеден еңбек ақыға қосымша төлемдер жүргізіп отырған.

Қосымша төлем жұмысшыларға еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстардағы еңбегі үшін төленіп тұрған. Алайда олардың еңбек жағдайларын зиянды деп тануға аттестаттау мамандандырылған ұйымдармен жүргізілмеген.

Жалпы заңсыз төленген қаржылар соммасы 5 млн. теңгені құраған.

Прокурорлық қадағалау актісімен бүгінгі күнге бюджетке 1 млн. теңгеден астам залал өндіріліп, заң бұзушылыққа жол бергендер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу