Қадағалау актімен Сарыағаш ауданының кәсіпкерлеріне заңсыз өндірілген салықтар қайтарылды

04 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш ауданының прокурорлары қадағалау жүргізу барысында бильярд үстелдерін қолданып, ойын бизнесі қызметін көрсететін кәсіпкерлердің құқықтары бұзылғанын анықтады.

Анықталғандай, ауданның салық органдары 6 жылдан астам уақыттан бері ойын бизнесі субъекітілеріне Салық кодексімен бекітілген мөлшерден жоғары салықтарды есептеп, өндіріп отырған.

Бір кәсіпкердің өзінен есептелген салық сомасы 600 мың теңгеден асқан.

Аудан прокуратурасының ұсынысымен заң бұзушылықтар жойылып, заңсыз өндірілген сомалар қайтарылды.

Сонымен қатар, аудан мәслихатына тіркелген салықтың біріңғай мөлшерін бекіту ұсынылды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу