Кәсіпкерлермен кездесу өткізілді

02 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Кәсіпкерлермен кездесу өткізілді - 1529404785

Бүгін Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен өңірдің кәсіпкерлері мен бақылаушы және қадағалаушы органдардың өкілдерімен кездесу өткізілді.

Бұл кездесу бизнес өкілдеріне шешуін таппай жүрген мәселелеріне көмек көрсету мен олардың алдында тұрған даулы мәселелерін шешу бойынша сапалы құқықтық кеңестер беру мақсатында өткізілген болатын.

Жиын барысында кәсіпкерлер салық пен жер мәселелеріне байланысты заңнама талаптары бойынша бірнеше сұрақтар қойды.

Заңды кәсіпкерлік істі жүзеге асыру жөнінде кәсіпкерлердің көмек алуы бойынша мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасында тығыз қарым-қатынас орнауы қажет екенін барлық қатысушылар атап өтті.

  Бизнес өкілдерімен бұл тәрізді кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу