Облыс прокурорының Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесуі

14 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 Облыс прокурорының  Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесуі - 1483901467

Бүгін аймақтарда тұратын халықпен жүзбе-жүз жүздесіп, кездесу өткізу аясында Түркістан облысының прокуроры  Төлеби ауданына барды.

Елді мекендерді газбен және таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерімен ауданның 9 тұрғыны жеке қабылдауға өтініш білдіріп, қабылдауда болды.

Одан әрі облыс прокуроры  ИЧ-167/9 түзеу мекемесіне барып, оның жеке құрамымен әңгіме өткізді. Сонымен қатар оның негізгі нысандарының өмір сүруге қолайлығын қарап шықты.

Сонымен, өздерін толғандырған шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу мен өтеу жазасының жеңілдеу түріне ауыстыру мәселелерін көтерген сотталушылармен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында азаматтарға жазадан босаудың негіздемесі мен тәртібі жайлы түсініктемелер берілді.

Облыс прокуроры аймақ тұрғындарына барып азаматтармен жүзбе-жүз кездесулер мен жеке қабылдаулар өткізіп тұратынын еске саламыз.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу