Оқушылардың денсаулығына зиян келтіру қаупі жойылды

01 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Түлкібас ауданының прокуратурасы ауданның жалпы орта мектептерде экология заңнамасы мен санитарлық қағидалардың өрескел бұзылуын анықтады.

Аудандық білім беру мекемелері өз қоймаларында ұзақ уақыттар бойы қауіпті қалдықтар тобына жатқызылатын құрамында сынап бар (1 ден 5 граммға дейін) энергия үнемдейтін люминесценттік шамдардың жарамсыз болғандарын сақтап отырған.

Прокуратураның қадағалау актісі қаралуымен білім бөлімімен 16 мың оқушы білім алатын 32 мектептен 2 мыңға жуық люминесценттік және 100 шақты диотты шамдар шығару қамтамасыз етілді.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу