Пробация қызметкерлері жауапкершілікке тартылды

22 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокурорлық тексеріс нәтижесінде Мақтарал аудандық пробация бөлімі қылмыстық-атқару заңнамалары нормаларын бұзғандығы анықталды.

Мәселен, қоғамдық жұмыстарға жаза тағайындалған 25 сотталушыға олардың нақты жаза атқарып жатқандығына бақылау жасалмаған, сондай-ақ 6 сотталушы заңда көрсетілген мерзімнен кеш есепке алынған.

Пробация қызметі сотталғандарға қатысты профилактикалық жұмыстар тиісті денгейде жүргізілмеу салдарынан, олардың 10-ы қылмысты қайта жасаса, 12-сі әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берген.

Сонымен қатар, қайта қылмыс жасағандарға басқа жаза түрлеріне ауыстыру шаралары жүргізілмеген.

Өткен жылдың басынан бастап қолданысқа енген жаңа «Пробация туралы» Заңына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылған 20 кәмелетке толмағандарға сотқа дейінгі тиісті шаралар қолданылмағаны белгілі болды.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің бастығы атына заңдылықты жою туралы ұсыну прокурорлық актісін енгізді.

Прокурорлық қадағалау актіні қарау нәтижесімен аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы (қазіргі Жетісай ауданының) лауазымынан босатылды және бөлімнің 6 инспекторы әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу