Прокурорлар заңсыз кен өндіруді тоқтатты

01 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Прокурорлар заңсыз кен өндіруді тоқтатты - 1621003174

Түркістан қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен «Түркістан облысының жер инспекциясы басқармасы» ММ-нің құқық белгiлейтiн құжаттарсыз мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз иеленіп алғаны үшін «АК-ЖОЛ» ЖШС-не қатысты ҚР ӘҚБтК 136-бабына сәйкес 700 АЕК мөлшерінде (жалпы соммасы 1 767 500 теңге) айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысының күші жойылып, әкімшілік құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты іс өндірісі тоқтатылған.

Инспекцияның қаулысын бұзуға төмендегі негіздер болған:

Біріншіден, «Ак-Жол» ЖШС-гінде 2026 жылға дейінгі Түркістан ауданында орналасқан «Карачикское-II» кен орнында құм мен қиыршық тас өндіру туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі арасында түзілген 09.01.2001жылғы №32 келісімшартты болған.

Соттың пікірінше жер қойнауын пайдалану құқығы ол тұлғаға тікелей мемлекет жер қойнауын пайдалануға берген құқық болып табылады және құқық белгiлейтiн құжаттар мен жер учаскесінің шекарасын белгілеуді қажет етпейді.

Өз кезегінде табиғатты пайдалану бойынша уәкілетті орган құм мен қиыршық тас өндіру келісімшарты 12.10.2017 жылы тоқтатып, 30.01.2019 жылы оны мүлдем бұзған.

Екіншіден, «Ак-жол» ЖШС-де 206,0 га жер телімін құм мен қиыршық тас өндіруге уақытша пайдалану құқығын беру туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 10.01.2010 жылғы №21 қаулысы болған.

Алайда сотпен 29.04.2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құм мен қиыршық тас өндіруге уақытша пайдалану құқығымен жер телімін беру туралы қаулысы бұзылғаны назарға алынбаған.

Облыс прокуратурасының өтінішхаты негізінде апелляциялық сатылы соты Түркістан қаласы мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысының күшін жойып, «АК-ЖОЛ» ЖШС-нің шағымын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа қаулы шығарған.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу