Прокурорлардың талап арыздары негізінде аудио жазбалар экстемистік деп танылды

21 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокурорлардың талап арыздары негізінде Созақ, Арыс және Қазығұрт аудандарының соттары аталған аудандардың үш тұрғынының «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде орналастырған діни араздық пен алауыздықты қоздыратын аудио файлдарын экстремистік деп таныды.

Бұның алдында осы азаматтар сот үкімдерімен діни араздық пен алауыздықты қоздырғандары үшін 2 жылға (ҚР ҚК 174-бабымен) бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Прокурорлардың сотқа талап арыздарды енгізулеріне-ғаламтор желісінде таратылған аудио файлдарда рулық, діни араздықты пен алауыздықты қоздыратын белгілері бар екендігін көрсеткен сот психологиялық-филологиялық және дінтанушылық сараптама қорытындысы негіз болды.

Бұл орайда, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес дiни араздықты немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылық жасау мен зорлық-зомбылық жасауға шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрi мен денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануға бағытталған әрекеттер- экстремистік деп танылатыны халық назарына жеткізіледі.

Бұндай әрекетер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктер қаралған.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу