Салтанатты жиын жайлы

06 мамыр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Салтанатты жиын жайлы - 467889360

Үстіміздегі жылдың 6 мамыр күні Түркістан облысының прокуратурасында Ұлы Жеңіс пен Отан қорғаушылар күні мерекелеріне арналған салтанатты жиын өтті.

Облыс прокуроры ұжымды мерекемен құттықтап, осы айрықша мәнді күндердің маңызын ерекше атап өтті.

«Ұлы Жеңіс мерекесі – біз үшін ең жарқын да қымбат мейрам. Бейбіт өмір үшін өз өмірлерін отан үшін берген өте көп қазақстандықтар қыршынынан қиылды. Олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау -  біздің басты міндетіміз!»,- деп Н.Әбдіров атап көрсетті.

Сонымен қатар жиын барысында прокуратураның жас қызметкерлерінің «Ант» қабылдау рәсімі өткізілді.

Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың сақталуына лайықты үлес қосқан қызметкерлерге сыныптық шен беру мен көтермелеу туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен облыс прокурорының бұйрықтары оқылды.

Салтанатты жиын соңында ұжым қыздарының күшімен ұйымдастырылған концерт болды.

Түркістан облысының прокуратурасы

 

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу