Сарыағаш ауданында валюта айырбастау пункттері 2 млн. теңге сомаға салықтарды төлемеген

13 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш аудандық прокуратурасының ұсынуы бойынша Сарыағаш ауданының 23 валюта айырбастау пункттері мемлекеттік кірістер органдарында есепке қойылып, 2 млн. теңге сомасына салықтарды төледі.

2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі қолданысқа еніп, онымен уәкілетті ұйымның айырбастау пункті - тіркелген салық салудың жаңа объектiсi болып енген.

Осыған сәйкес, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын субъектілер 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қызметті бастағаны туралы салық органын хабардар етуге міндетті. 

Бірақ, прокуратураның талдауы 23 айырбастау пункттері бар 4 уәкілетті ұйымның аталған қызметті Кодекс талаптарын бұза отырып жүзеге асырғанын көрсетті.

Аудан прокуратурасының мемлекеттік кірістер органына енгізген ұсынуымен заң бұзушылықтар жойылды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу