Шымкент қаласының және Түркістан облысының прокуратуралары электр қуатына тарифтерді негізсіз көтерілуін анықтады

01 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент қаласының және Түркістан облысының прокуратуралары «Оңтүстік    Жарық    Транзит»    ЖШС-нің 2015-2017 жылдары аралығында  электр энергия тарифтерін қалыптастыру заңдылығына кешенді тексеру жүргізді.  

Тексеру  нәтижелері табиғи монополиялар субъектіслері тарифтерді қалыптасыру кезінде және пайдалану барысында заң бұзушылықтарға жол беретіндерін көрсетті.

Атап айтсақ, 2016-2017 жыл аралықтарында табиғи монополия субъектісі 15,8 млн. теңге мөлшерде алдын тарифтік сметаларға қосылған әлеуметтік салық пен әлеуметтік жарналар бойынша шығындарын 5% артық орындамай, 6,8 млн. теңге мөлшерде жұмысшылардың медициналық байқаудан өту қызметін тарифтік сметаға негізсіз қосу арқылы электр қуатына тарифті көтерген.

Сонымен бірге, тексеруде мемлекеттік сатып алу конкурстарды өткізу барысында заң талаптарды сақтамау деректері және 13,3 млн. теңге мөлшердегі міндетті салықты есептелмеу (КТС және ҚҚС) деректері анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері қаралуымен табиғи монополиялар субъектіге 22,6 млн. теңгеге компенсациялық тариф енгізілді.

Сондай-ақ, заң бұзушылықтарға жол берген үшін тексеру субъектісі ҚР ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігімен (табиғи монополия субъектісінің шектеулерді сақтамауы, сол сияқты табиғи монополия субъектісінің Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы) жауапкершілікке тартылып, 2 млн. теңгеге айыппұл салынды.

Одан бөлек, салық органына жолданған ұсынуды қарау нәтижесінде, тексеру субъектісі ҚР ӘҚБтК-нің 278-бабының 1-тармағымен (салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомаларын кемiтiп көрсету) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 6 млн. теңге мөлшерде айыппұл салынып, жаупкершілікке тардылды.

Мемлекет алдындағы қарыздар толық өтелді.

 

 

Шымкент қаласының және Түркістан облысының прокуратуралары

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу