Түркістан облысы прокуратураларында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне» орай өткізілген шарасы қорытындыланды

22 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан облысы прокуратураларында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күніне» орай өткізілген шарасы қорытындыланды - 79041856

21 қараша күні Түркістан облысының прокуратурасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» концепциясы бойынша мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асыру аясында «Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» шарасын өткізді.
Азаматтарды жеке қабылдау шаралары облыс прокуратурасы ғимаратында және қала мен аудандардағы прокуратура ғимараттарында жүзеге асырылды.
Осы күні облыс прокурутурасының органдары барлығы 55 азаматты қабылдады.
Сұрақтардың басым бөлігі қылмыстық іс бойынша тергеудің сапасы мен азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына қатысты болды. 
Бұл күні облыс прокуроры Н.Әбдіров өткізген қабылдаудың ішіндегі ерекшесі - азамат Н.Мәуленов және оның адвокаты Б.Анафеевпен болған жеке қабылдау болды.
Арызданушы Арыс қаласында болған қанды оқиғада қайтыс болған инкассатордың туысы болып шықты. 
Прокурормен сұхбаттасу барысында алғашқы қылмыстық жауапқа тартуда күдіктілер үшеу болғанына қарамастан қылмыстық жауаптылыққа тек екеуі ғана тартылғаны және сонымен қатар қылмыстық іс материалына барлық айғақ заттар толық алынбағандығы жөнінде арыз беруші хабарлады. 
Төлеби ауданының тұрғыны Г.Байзақова материалдық шығынды өндіру бойынша соттың шешімі орындалмаған сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымданды.
Бұдан бөлек, прокурорға қылмыстық істердің созбаланға салынуы жайлы тағы да үш арызданушы шағым келтірді.
Іс-шара соңында облыс прокуроры құрылымдық бөлімдердің басшыларына арызданушылардың өтініштерін мұқият қарауды және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда олардың құқықтарын қорғау бойынша тиісті шаралар қолдануды тапсырды.

Облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы
 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу