Түркістан облысында мектеп қызметшілерінің құқықтары қорғалды

13 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты мектептерде 92 от жағушыға зиянды жұмыстармен айналысқаны үшін еңбек ақыға қосымша (30 пайыз мөлшердегі) төлемдер жүргізілмей келген.

Нәтижесінде аудандық білім бөлімі жұмыскерлер алдында жалпы көлемі 6 млн. теңге қарыз пайда болған.

Аудан прокурорының ұсынысымен от жағушылардың еңбек ақылары қайта есептеліп, пайда болған берешек толығымен төленді.

Сонымен қатар, прокурорлық талдаумен Арыс ауданының балабақшаларында 601 қызметкерге жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жасалмағаны анықталды.

ҚР Еңбек Кодексінің (23-бабының 2-тармағының 15-тармақшасы) талаптарын бұзғандарға шара қолдану үшін аудан прокуратурасы Түркістан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына ұсыныс енгізді.

Бүгінгі күні прокурорлық акті негізінде аудандағы балабақша қызметкерлері жазатайым оқиғалардан толығымен сақтандырылды, ал заң талаптарды бұзуға жол берген балабақшалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 230-бабының 2-тармағымен жауапкершілікке тартылды.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу