Түркістан облысында жұмыссыздықпен күресуге бөлінген қаржылардың жымқырылғаны өтелді

29 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шардара ауданының прокуратурасы халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдылықтың жағдайына жүргізген тексеру барысында жұмыссыздықпен күресуге бағытталған («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мен «Нәтижелі жұмыспен қамтудың жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған») қаржылардың жымқыру дерегін анықтады.

Атап айтқанда, ауданның 22 тұрғыны жергілікті жұмыс берушілермен келісіп, Жұмыспен қамту орталығын алдап, 2016-2017 жылдары аралығында жастар тәжірибесін өтіп жатқаны және әлеуметтік жұмыс орында жұмыс жасап жатқаны жайлы табельдерді ұсынып, 2 млн. теңгеге жуық қаржыны иемдеген.

Шын мәнінде бұл тұлғалар жұмыссыздарға арналған әлеуметтік қолдаумен қамтылмаған, себебі олардың өздерінің тұрақты жұмыс орындары болған.

Соңғылардың әрекеттерінде қылмыс құрамы байқалғандықтан, аталған дерек прокурорлармен АЕК-на тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттар аудандық ІІБ-не жолданды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, келтірген залалдарын өтеген, осыған орай, қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты (ақталмайтын мән-жайларға байланысты) өндірістен тоқтатылған.     

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу