Түркістан облысының прокуратура органдарындағы жаңа тағайындаулар

01 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 27 қыркүйек 2019 жылғы бұйрығы негізінде Түркістан облысы Түркістан қаласының прокуроры - Ж.А.Ахметбек, Түлкібас ауданының прокуроры - А.Ж.Жүнісбеков және Шардара ауданының прокуроры – Р.Ә.Абдраимов тағайындалды.

 

Жаннұр Асқарбекұлы Ахметбек – 3 қазан 1980 жылы Қостанай облысы Жангелді ауданында туылған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің заң факультетін бітірген.

Сыныптық шені – кіші әділет кеңесшісі.

Соңғы қызмет орны – Түркістан облысы Түлкібас ауданының прокуроры.

 

Айдархан Жорықбайұлы Жүнісбеков - 2 мамыр 1972 жылы Шымкент облысы Шымкент қаласында туылған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Соңғы қызмет орны – Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы прокурорының орынбасары.

 

Руслан Әлжанұлы Абдраимов – 29 қазан 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында туылған. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін бітірген.

Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Соңғы қызмет орны – Түркістан қаласының прокуроры.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу