Түркістан облысының прокуратурасы 3300 га. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтартқызды

27 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан облысының прокуратурасы 3300 га. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтартқызды - 1045688713

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес (2009 жылдың 13 ақпанында енгізілген өзерістерге сәйкес) ерекше жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер учаскелеріне жеке меншікке немесе пайдалану құқығын беру - тек сауда-саттықтарда (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

Алайда жалпыға міндетті заң талаптарын орындамай, мыңдаған гектар жайылымдық және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Шардара ауданы әкімдігі үшінші тұлғаларға ұзақ мерзімге өтеулі құқығымен пайдалануға конкурс (аукцион) өткізбестен, заңсыз табыстаған.

Аталған жерлерді жалға беру келісімшарттарын жарамсыз деп тану туралы  Түркістан облысының жер инспекциясы сотқа талап арыздар берген.

Бірақ Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл жағдайға басқаша қарап, талап арыздарды беру мерзімдердің өтуіне сілтеме жасап, бірнешесін негізсіз қанағаттандырусыз қалдырған.

Облыс прокуратурасының өтінішхаттары негізінде апелляциялық сатылы сотымен жоғарыда көрсетілген сотының үш шешімі бұзылып, талап арыздар қанағаттандырылды.

Нәтижесінде 3300 га. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекетке қайтарылды.

 

Түркістан облысының  прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу