Түркістан облысының прокуратурасы ішкі конкурс жариялайды

08 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан облысының прокуратурасы, 161200, Түркістан қаласы, С.Қожанов көшесі, 44 Б, электронды адресі 7252384@prokuror.kz,
осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы төмендегі бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдар бойынша
ішкі конкурс жариялайды:

 

1. Түркістан облысы прокуратурасы Аппаратының бұқаралық ақпарат құралдармен жұмыс жасау бойынша бас маманы

(С-О-5 санаты, 1 бірлік)

 

Негізгі функционалдық міндеттері:  Прокуратура органдарының қызметі жайлы қоғамды ақпараттандыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарына (әрі қарай - БАҚ) прокуратура органдарын өзара әрекеттестіруді үйлестіреді және ұйымдастырады. Имидждік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша прокуратураның қызметін жоспарлайды, медиа жоспарларды дайындайды және жүзеге асырады, ПР-акциялар өткізеді (пресс-конференция, брифингтар және т.б.) БАҚ талдау және мониторинг. Облыс прокуратурасының және төмен тұрған прокуратуралардың ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастырады, құқық түсіндіру қызметінің жағдайын талдайды, оның аймақтағы заңдылықтың жағдайына әсер етуін талдайды, жұмыстың тиімділігін жоғарылату бойынша әдістерді іздестіреді. Имидждік бағдарламаны жүзеге асыру сұрағы бойынша статистикалық есепті жүргізеді. Қызметкерлердің БАҚ сөз сөйлеулерін ұйымдастырады (баспа-, теле-, радио-, электрондық). БАҚ үшін баспасөз хабарламаларын және ақпараттық хаттар дайындайды және оларды интернет ведомстволық сайтқа орналастырады. Нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бұйрықтарын мемлекеттік және орыс тілдерінде бақылаудағы даналарын ұстау жолымен заңнаманы жүйелендіруді жүргізеді. Басшының жұмысын жасау және қамтамасыз ету бойынша техникалық қызметтер атқарады, оның тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді орындайды.

 

Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, журналистика, қоғамдық байланыс,  жобаны басқару, (халықаралық қатынастар), құқық мамандығы бойынша.

Еңбек ақысының көлемі мен шарттары:

 

Санаты

Мемлекеттік қызметте еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-О-5

83 353

112 376

 

Қажетті құзыреттер бойынша: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4,  D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4,  D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

     4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

       5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

    

2. Түркістан облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік)

 

Негізгі функционалдық міндеттері: Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын дайындайды. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жоспарына өзгерістер енгізеді. Мемлекеттік сатып алу порталында өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы хабарламалар мен қырытындыларын жариялайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша айлық есебін мерзімінде дайындайды. Келіп түскен сұранымдарға талдау жасайды. Материалдық-техникалық жабдықтау бойынша, бюджеттік сұранымға есептерді дайындайды. Мемлекеттік сатып алу веб порталында қазынашылық органдарында тіркеу мен төлем жасалғаннан кейін орындалған келісім-шарттардың тізілімін жүргізеді. Жеткізушілермен тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың келісім шарттарын мерзімінде орындауын бақылауға алады. Конкурстық рәсімдерін өткізеді. Жабдықтаушы ұйымдар мен кәсіпорындармен коммуналдық қызметтердің келіп түсуіне тауарлардың, жұмыстардың және басқадай қызметтерді көрсету бойынша шарттарды жасайды (хаттаманың негізінде конкурстың нәтижелері бойынша). Өз міндеттерін орындамаған жеке және заңды тұлғалары жайында сот органдарына қауылым арыздарды дайындайды. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу саласында Қазақстан Республикасының Заңнамасының талаптарына сәйкес басқа да міндеттерді атқарады.

 

Жоғары білімі: құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика).

 

 3. Түркістан облысы прокуратурасының қаржы және ақпараттандыру басқармасының Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы (C-О-5 санаты, 1 бірлік)

 

Негізгі функционалдық міндеттері: Кассалық операцияларды жүргізуді қамтамасыз етеді, ақшалай қаражаттардың сақталуын, төлемге есептерді, сұраныстарды және ақша аудару бойынша басқа да құжаттарды рәсімдейді, олардың қазынашылық органдарда тіркелуін қамтамасыз етеді. Есепте тұрған тұлғалардың іссапарлары және басқа да қаржы түрлері бойынша аванстық есептерді тексеруді және дайындауды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекемені ұстауға бюджеттік қаржылар бойынша шығындардың есебін жүзеге асырады және қаржыландырудың бекітілген жоспарының аясында басқа да шаралар бойынша бақылау жүзеге асырады. Қызметкерлерге жалақы, уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жәрдемақы және басқа да төлемдер төлейді, жалақыны төлеу бойынша жеке шот рәсімдейді, жалақы төлеу бойынша есеп айырысуға байланысты, есептер бойынша талдаулық есеп жүргізеді, штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін дайындау, енгізілетін өзгерістердің жөнділігі және қаржылық қамтамасыз ету туралы ұйғарым береді. Штаттық және штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесін дайындау, енгізілетін өзгерістердің жөнділігі және қаржылық қамтамасыз ету туралы ұйғарым береді. Салықтар бойынша және басқа да міндетті төлемдер бойынша декларациялар құрайды, статистикалық есептерді және оларды ұсынуды қамтамасыз етеді, дебиторлық және кредиторлық берешектерді және басқа да есептілік түрлерін ұсынуды қамтамасыз етеді. Мердігерлермен есептесуді жүргізуді жүзеге асырады, салыстырмалы тексеру актілерін құрайды. Мекемеге тиесілі активтердің болуын және қозғалысының есебін қамтамасыз етеді, қорлар  және барлық шығындардың бекітілген нормаларын сақтаумен барлық қорларды қолдану және қозғалысына бақылау және есеп жүргізеді, активтерді, материалдық қорларды, ақшаларды, қатаң есептік бланктерді, есептеулерді және басқа да қорларды түгендеуге қатысады, түгендеудің уақытылы және дұрыс рәсімделуін және олардың есепте толтырылуын жүзеге асырады. Алғашқы құжаттардың, тіркеу есептерін, бухгалтерлік есептердің, сонымен қатар есеп жүргізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтамасыз етеді. Бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Бөлім басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. Жүктелген міндеттерді орындауға жеке жауапкершілікке ие.

 

Жоғары білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика).

 

4. Түркістан облысы прокуратурасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету тобының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік)

 

Негізгі функционалдық міндеттері: Түскен және дайындалған құпия іс-құжаттарды, сонымен қатар «ҚБПҮ» белгісі бар хат-хабарларды  іріктеуді, бастапқы өңдеуді, тіркеуді, жүйелендіруді, есебін, қабылдауды және әрі қарай жолдауды жүргізеді; Бекітілген құрылымдық бөлімшеде іс жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етеді; Қолданыстағы комиссияның хатшысы болып табылады және басқа да міндеттер; Басшының жұмысын жасау және қамтамасыз ету бойынша техникалық қызметтер атқарады, оның тапсырмасы бойынша басқа да міндеттерді орындайды.

 

Жоғары білімі: құқық мамандығы бойынша.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Көрсетілген мекен-жай бойынша құжаттарды қабылдау мерзімі (ішкі конкурс өткізу жайлы соңғы хабарландыру жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күні).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Бос лауазымға орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері, сондай-ақ Заңда және «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңында айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қағидаларының  1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын үй жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

 

      __________________________
                                         (мемлекеттік орган)

                       

                             Өтініш

          

Мені__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:

      _______________________________________________________________ __________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________

      _______________________________________________________________

 

 

      ________                                     ____________________________________

      (қолы)                                     (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

                                                                             "___"_______________ 20 __ ж.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу