Түркістан облысының прокуратурасымен «Абай оқулары» - атты байқау өткізілді

11 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан облысының прокуратурасымен «Абай оқулары» - атты байқау өткізілді - 1449408376

Бүгін Түркістан облысының прокуратурасы ұлы ақын Абай атамыздың 175 жылдығына орай, қызметкерлердің арасындағы «Абай оқулары» - атты байқауды өткізді.

Аталған шара ұлтымыздың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушысы және тұңғыш классигі Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.

Мерекелік жиын барысында «Ұлы даланың дана ойшылы - Абай», «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» кинолары көрсетілді.

Байқауға облыс прокуратурасы органдарының қызметкерлері қатысып, ұлы Абайдың поэмаларын, өлеңдері мен қара сөздерін шырқап өтті.

Рухани кешке жиналған қалың көпшілік ұлы Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» атты әндерін қосыла шырқап, ақын өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды Мулкеманов Ақберген, екінші орынды Мәмбеталиева Гаухар қанжығасына байлады. Үштікті Жумабаева Береке түйіндеді.

Абай оқуларын насихаттауға өз үлестерін қосқаны үшін, көркем мәтінді оқу, өлең айту шеберлігімен ерекшеленген Әлжанов Ақбұлан, Жумабекова Жайна және Тұрғамбай Әсел ынталандыру сыйлығына иеленді.

Ал Жорабаев Ербол сахнаға сай киінуі және сахналық образымен ерекшелінген номинациясының жүлдегері атанды.

Байқауда аты шыққандарға Абайдың кітап топтамалары мен бірегей естелік сыйлықтары тарту етілді.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу