Түркістан облысының прокуратурасымен алименттерді өндіру мәселесі бойынша алқа мәжілісі өткізілді

04 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан облысының прокуратурасымен алименттерді өндіру мәселесі бойынша алқа мәжілісі өткізілді - 1657851145

 Түркістан облысы прокуратурасында алименттерді өндіру бойынша сот актілерінің орындалу заңдылығына қатысты алқа мәжілісі өткізілді.

Онда жергілікті атқару, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, және де жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының басшылары қатысты.

Мәжілісте кәмелеттік жасқа толмаған азаматтарға тиісті алименттерді өндіру туралы атқару құжаттарын орындауда кездестірілетін өзекті мәселелер талқыланды.

Сонымен бірге, прокуратура органдары тарапынан осы салада жүргізілген талдау нәтижелері тыңдалды.

Прокурорлармен жоғарыда аталған санаттағы атқару құжаттарды зерделеу барысында сот орындаушылармен жол берілген бірқатар заң бұзушылықтары анықталды. Атап айтқанда:

- жұмысы бар 36 борышкердің жұмыс орнына атқару құжатты орындау үшін жолдамау дерегі;

- 3 айдан астам уақыт бойы берешегі сақталған 5 борышкердің мүліктеріне тыйым салу шарасын қолданбау дерегі;

- ел аумағынан шығуға шектеу қойылмаудың - 5 дерегі, нәтижесі соңғылар еркін түрде бірнеше рет шекарадан өткен;

- басқа территориялық аймаққа жататын атқарушылық құжаттарды орындауға сол аймаққа жолдамаудың - 205 дерегі;

- алиментті өндіріп алушылардың атынан алименттер қолма-қол алынып жатқаны және қарыздың жоқтығы туралы қолхаттарды жалған жасау, оларды атқарушылық іс-жүргізуге тіркеудің - 3 дерегі;

- борышкерлердің автокөлік жүргізу құқығын уақытша тоқтату шараларын қолданбаудың - 35 дерегі;

- қызметі мен табысы туралы мәліметтерді бұрмалау арқылы борышкердің нақты табысын жасырудың - 1 дерегі;

Тексеру құжаттар процестік шешімдерді қабылдау үшін полиция органдарына жолданды. Сонымен қатар, кінәлі лауазым тұлғалардың жауаптылық мәселесін қарау жоспарлануда.

Алқа мәжілісінің қорытындысымен жергілікті атқару, уәкілетті мемлекеттік және құқық қорғау органдарына бірқатар тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.

   

Түркістан облысының баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу