Түркістан облысының прокуроры Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесті

30 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан облысының прокуроры Төлеби ауданының тұрғындарымен кездесті - 1954778497

Түркістан облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің іс-сапары ауданның әр елдімекенінен келген 200-ден астам тұрғыны жиналған кездесуден басталды.

Кездесу барысында аудан прокуроры Д.Тлемисов азаматтардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстарын баяндап өттіп, полиция бөлімінің бастығы Б.Жанаев тұрғындарға құқықбұзушылықпен күресу бағытында жүргізілген жұмыстарды жеткізді.

Іс-шара жеке қабылдаумен жалғасып, оған 9 азамат келген.

Өтініштердің бір бөлігі бойынша түсіндірме беріліп, қабылдауға қатысып отырған аудан әкімдігінің, полиция және басқа да органдары басшылығына тиісті тапсырма берілді, екінші бөлігі бақылауға алынды.

Сұрақтар әртүрлі саладан болды – тұрғын үйлерді инфрақұрылым жүйелерімен қамтамасыз етуден бастап жол-көлік оқиғасы жиеленуіне дейін.

Қашықтыққа қарамай облыс прокурорымен кездесуге алшақтағы ауыл тұрғындары да келіп, ауылдағы қылмыстылықтың жағдайын жеткізді.

Мысалы, Алғабас елді мекенінің тұрғыны Түгелбаев Тасқын өңірдегі басты мәселелердің бірі мал ұрлығының жиеленуін атап өтіп, Алғабас елді мекенінен шығаберісінде заманауи бейнебақылау құрылғыларын орнатуын сұранды.

Азаматтардың сыны қудалаушы органымен жүргізіліп жатқан тергеп-тексеру мен профилактикалық іс-шаралардың сапасына да қатысты болды.

Осыған орай, полиция басшылығына өңірде тергеу сапасын жоғарлатуға және құқықтық тәртіпті орнатуға кешенді шараны қолдану тапсырылды.

Іс-сапар барысында облыс прокуроры азаматтарды қабылдаумен шектелмей облыстық соттың төрағасымен бірлесіп жергілікті активпен кездесіп, ауданға маңызы зор, оның ішінде кейбір санаттағы істерді қарау сот тәжірибесі, құқықбұзушылықтың төмендеуіне әсер ететін көшелерді және жолдарды жарықтандыру, бейнебақылау құрылғыларын орнату, тірек пункттарының қызметін жандандыру мәселелері талқыланды.

Құрылысы он жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген, алайда тіркеуден өтпеген тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Мұндай құрылыстар 300-ден астам және үй иелері қайда баратындарын, оны қалай заңдастыратынын білмейді.

Облыс прокуроры бір іс-сапар аясында барлық әлеуметтік топтың пікірін тыңдап, аумақтағы жағдайды білді.

«Азаматтардың жеке қабылдаудың бұл түріне қызығушылығы прокуратура органдарына деген сенімі жоғары екендігінің дәлелі, сондықтан бұндай кездесулер облысымыздың басқа да өңірлерінде және жүйелі түрде өткізумен өз жалғасын табатын болады» - деп Н.Әбдіров атап өтті.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу