Түркістан прокурорлары төл мерекесін атап өтті

13 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Түркістан прокурорлары төл мерекесін атап өтті - 943241157

6 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының құрылған күні. Аталған күнге байланысты Түркістан облыс прокуратурасында мерекелік жиын өтті.

Салтанатты шараға прокуратура қызметкерлері мен ардагерлері, облыс әкімдігінің және өңірдегі заң және құқық қорғау органдарының жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

Облыс прокуроры Н.Әбдіров прокуратура қызметкерлері мен ардагерлерін құттықтап, қонақтарды прокуратура органдарының қалыптасуы жөніндегі тарихи деректермен таныстырды.

Іс-шара барысында прокуратура органына  жаңадан қабылданған 8 қызметкер ант қабылдады және адал еңбектері мен қызметте қосқан үлестері үшін 17 қызметкер «Мінсіз қызмет үшін» медальға, 4-і  «Прокуратура үздігі» төсбелгісіне, тағы 20-ы грамоталар мен алғыс хаттарға ие болып, марапатталды.

Сонымен қатар мерекеге орай ұйымдастырылған прокуратура органдары қызметкерлерінің балалары арасында «Менің ата-анам прокурор» тақырыбында сурет салу мен шығарма жазудан, студенттер арасында прокуратура қызметіне қатысты шығармашылық өнерінің байқаулары және футбол мен теннис спорттық жарыстарының қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер құттықтауларға ие болды.

Сондай-ақ бұл мерекелік күнді облыс прокуроры Н.Абдиров БАҚ өкілдерімен сұхбат өткізумен жалғастырып, оларға бүгінгі прокуратураның тыныс-тіршілігінен мәліметтер берді.

Кездесу барысында Н.Абдиров жыл көлемінде прокуратура органдарымен тығыз байланыста болып, прокуратура қызметін шынайы жағынан таныта білген БАҚ өкілдерін атап өтті. «БАҚ-тағы баспасөзде облыс прокуратурасы жайлы «Ең үздік жарияланымдар» номинациясын - «Оңтүстік Қазақтан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы, «Теледидар жаңалықтарында облыс прокуратурасы жайлы «Ең үздік сюжет» номинациясын - «Оңтүстік» телеарнасы және «Облыс прокуратурасының қызметкерлерімен жүргізілген «Ең үздік сұхбат» номинациясын – «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы иеленді.

Жүлдегерлерге марапаттар мен сый-сыйапаттар табысталды.

 

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу