Ұрлыққа қарсы әрекет

29 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жыл басынан Ордабасы ауданында жалпы 458 қылмыс тіркелген. Қылмыстың 222-сі немесе 48% бөтеннің мүлкін ұрлау сипатындағы құқық бұзушылықтар.

         Өңірдегі кең таралған ұрлықтың бір түрі–қалта телефондарының қолды болуы.

Ағымдағы жылдың өзінде 52 ұялы телефон ұрлау фактісі орын алып, салдарынан азаматтарға 3 млн. теңге көлемінде залал келтірілген.

Ұрлық деректерінің 27-і қоғамдық орындарда (сауда, стадион, қоғамдық тамақтану орындары және т.б.), 6-ы автокөліктердің ішінде (қоғамдық көліктер, такси және т.б), 19-ы басқа жерлерде орын алған.

Мысалы, Ордабасы АІІБ-не азаматша Теспе ауылындағы стадионда сөмкесінен ұялы телефонының ұрлағандығы туралы арызданған.

Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексеруінің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен тіркелген. Дегенмен тергеп - тексеру нәтижесінде аталған іс бойынша жауапқа тартылатын адамның анықталмауына байланысты ҚР ҚПК-нің 45-бабына сәйкес іс мерзімі үзілген.

Көрсетілген жағдайларға душар болмау үшін ұялы телефонды ресми түрде IMEI кодпен тіркеуге және кез келген уақытта қоғамдық орындар мен автокөлікте немесе басқа да жерлерде өз мүліктеріңізге сақ болуға, қараусыз қалдырмауға шақырамыз.

 

Түркістан облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу