Ұйымдасқан топпен кәмелетке толмағандарды сату деректерімен қозғалған қылмыстық іс бойынша өкізілген баспасөз мәслихаты бойынша баспасөз ақпараты (Шымкент қ., 2015 жыл 9 маусым)

10 маусым 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

09.06.2015 жылы 16-00 сағатта облыстық прокуратураның мәжіліс залында БАҚ өкілдернің қатысуымен баспасөзге жариялау үшін, ұйымдасқан топпен кәмелетке толмағандарды сату деректері бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы сұхбат беру өткізілді.

Оның барысында облыстық прокуратураның басқарма бастығының орынбасары Б.Жуматаев пен Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары Д.Айтишев (қылмыстық іс бойынша процес прокуроры) аталған деректер бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеу барысы туралы сұхбат берді.

Атап айтқанда, 2012-2013 жылдары ұйымдасқан топпен жалған құжат жасау және оны пайдалану арқылы кәмелетке толмағандарды сату туралы 10 нан астам деректер бойынша ҚР ҚК-нің 133 бабы, 235 бабы, 325 бабымен (1997 жылғы редакциямен) қозғалған қылмыстық істің тергеуі барысында, бұл деректерге ОҚО перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатыстары барлығы анықталды. Қазіргі таңда аталған іс бойынша күдікті, облысық перинаталдық орталықтың 2 дәрігеріне қатысты 2 ай мерзімде күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын қолдану Еңбекі аудандық сотымен санкцияланды.

Аталған дәрігерлер мен қылмыстық процесстің басқа да кейіпкерлері туралы мәліметтер тергеудің құпиялығына байланысты хабарланбайды.      

Бүгінгі күнге, көрсетілген күдіктілерден басқа бұл кәмелетке толмағандарды сату деректеріне басқа да адамдардың қатыстығы анықталуда және оларға қатысты процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.

 

 

Облыс прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу