«Алимент. төлемеуге қарсы 30 қадам» Жобасы аясында 134 адам жұмысқа орналастырылды

12 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасымен Бас прокуратурасының «Алимент. төлемеуге қарсы 30 қадам» Жобасын іске асыру барысында бір қатар іс-шаралар атқарылды.

Жобаның басты мақсаты – алимент өндіру туралы сот актілерін орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді шаралар қолдану, сондай-ақ заңдылықты, шынайылықты және дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жоба аясында сот орындаушылар, ішкі істер, прокуратура және басқа да уәкілетті органдар өкілдерінен тұрақты түрде жұмыс істейтін мобильдік топтар құрылды.

Жалпы 612 борышкер жұмыссыздар есебіне алынып, оның 134 жұмысқа орналастырылды, 84 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19 млн. теңгеден астам алимент берешек қарызы төленді, 2 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды (үкім).

Сонымен қатар, қәзіргі таңда алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу өндірістерінің орындау барысында туындайтын қиыншылықтар мәселесін шешу, оларды алдағы жұмыс барысында жөнге қою мақсатында бір қатар іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу