Қандай мәселелер алаяқтыққа жатпайды

23 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

-егер де мүлік қарызға, яғни кейіннен қайтарып беру үшін алынған болса, онда бұл әрекеттерде алаяқтық болмайды, бұл жерде азаматтық-құқықтық қатынас болады;

- ақшаны не затты нотариус арқылы қарыз келісім шарты (договор займа) арқылы алып, белгілі бір уақытта қайтарып беруге міндеттеніп, ол міндеттеме орындалмаса, онда бұл әрекеттерде алаяқтық болмайды, бұл жерде азаматтық-құқықтық қатынас болады;

- егер де тұрғын үй, автокөлік не басқа да мүліктер нотариус арқылы «сенім хатпен» сатылып, кейіннен нотариус арқылы берілген «сенім хаттың» күші жойылып, үшінші тұлғаға сатылса, онда бұл әрекеттерде алаяқтық болмайды, бұл жерде азаматтық-құқықтық қатынас болады;

- егер де «Ломбардтан» белгілі бір мерзімге несие алу үшін тұрғын үйді, автокөлікті не басқа да мүліктерді (заттарды) уақытша осы «Ломбард» иесіне не оның туыстарының атына «несиені қайтарған уақытқа дейін уақытша мерзімге»,-деген негізбен нотариус арқылы сатып алу-сату не сыйға тарту келісім арқылы беріп, кейіннен алынған несиенің үстемақысын төлемегені үшін «Ломбард» берілген мүліктерді үшінші тұлғаға сатқан жағдайда, онда бұл әрекеттерде алаяқтық болмайды, бұл жерде азаматтық-құқықтық қатынас болады;

- егер де біреу біреуге шетелден не Қазақстан Республикасы аумағынан зат әкеліп беру үшін ақша алып, бірақ сол міндетті орындауға бірқатар әрекеттер жасап (шетелге не Қазақстан Республикасының белгілі бір аумағына барып, қарызға алынған ақшаны зат алу үшін зат иесінің банктік есеп шотыта аударса), бірақ әкеліп беруге уәде етілген затты әкелмесе, оны әкелуге уәде етіп, алған міндетін орындауға қандай да бір әрекеттер жасаса (қарыз ақшаның бір бөлігін қайтару, зат иесіне барып, затты не ақшаны қайтаруға әрекеттер жасаса), онда бұл әрекеттерде алаяқтық болмайды, бұл жерде азаматтық-құқықтық қатынас болады;

- егер де біреу біреуден ақшаны белгілі бір мерзімге өсім (процент) арқылы алып, осы өсімді белгілі бір мерзімге дейін төлеп, кейіннен төлемей және алынған ақшаны да қайтармаған жағдайда, онда бұл әрекеттерде алаяқтық болмайды, бұл жерде азаматтық-құқықтық қатынас болады; 

- егер де біреу біреуге жер учаскесін алуға көмектесу үшін ақша алса, яғни ол үшін осы уәдесін орындауға қандай да бір әрекеттер жасаса (жергілікті атқарушы органдарға жер алушының атынан жер учаскелерін беру үшін өтініштер өткізу, осының негізінде жер бөлу комиссиясымен оңды шешім қабылданып, бірақ жер учаскесінің болмауына байланысты жер учаскесі берілмесе немесе жер учаскесі жер алушының келіскен аумағынан берілмесе) онда бұл әрекеттерде алаяқтық болмайды, бұл жерде азаматтық-құқықтық қатынас болады. 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу