Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні

28 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Тәуелсіз мемлекеттің күнтізбесінде жалпыхалықтық мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні – барша халықтың Ұлт Көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әішұлы Назарбаевқа артқан биік сенімнің, ізгілік – құрметтің жарқын дәлелі.

         Бүгінгі біздің басты құндылығымыз – полиэтностық қоғамда орнаған бейбітшілік пен келісім. Біз, дамудың өзімізге тән қазақстандық жолын таңдап алдық, оны бүкіл әлемдік қауымдастық мойындап отыр. Еліміздің екі онжылдықтың ішінде осынау биік дәрежедегі халықаралық беделге ие болуы – тарихта бұрын-соңды болмаған оқиға. Қазақстан – Еуразия құрлығындағы интеграциялық құбылыстардың ірі бастамашысы болып табылады. Көршілес және одақтас мемлекеттермен бірлесе ШЫҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңес және Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымы сынды аумақтық және жаһандық қауіпсіздік механизмдерін жасап шығардық. Еліміз әлемдік саясаттың дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. «ЕХРО-2017» бүкілдүниежүзілік көрмесі өткізілген мемлекет ретінде таңдалғаны осының айқын дәлелі болып табылады. Қол жеткізген барлық жеңістер мен мен жетістіктер осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан халқымен жасалған тарихи таңдаудың салдары екендігі сөзсіз.

         Тәуелсіз Қзақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттік дамудың даңғылға түсуі жолындағы жұмыстардың басымы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз.

Елбасының жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – Тұңғыш Президент халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.

         Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы Президенттің қызметімен тікелей байланысты. Яғни Ұлт Көшбасшысының ғылыми, саяси ізденістерімен байланысты десек қателеспейміз. Бұл – ақиқат. Оны ешкім жоққа шығара алмайды.

         Тәуелсіз Қазақстанымыздың қалыптасуы мен дамуы жолында ерекше рөл атқарған тұлға ретінде біздің азаттық тарихымыздың бастауында Елбасы есімінің тұратындығы да шындық. Ендеше, Тұңғыш Президент күні мерекесі Елбасымыздың биік мәртебесі ғана емес, тұтас Қазақ елінің мерейі.

 

Еңбекші аудандық прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу