Қазығұрттың оңды көрсеткіштері

30 қараша 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазығұрт ауданы прокуратурасымен ағымдағы жылы аумақта қоғамдық тәртіпті, заңдылықты нығайтуда, қылмыстылықпен күрес бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесімен бірқатар оңды көрсеткіштерге қол жеткізілді.

Құқық қорғау органдарында, соның ішінде прокуратура қызметінің қадағалайтын жағдайларының бірі – экстремизм мен терроризмге қарсы күрес.

Бұл бағытта, аудан прокуратурасымен аймақтағы деструктивті діни ағымын ұстанушыларына бақылау шараларының тиімділігіне талдау жүргізіліп, радикалды деструктивтік діни ағым ұстанушыларына бақылаудың жоқтығы, бұл бағытта күресті жүзеге асыратын жергілікті органдар арасында үйлесімді жұмыс ұйымдастырылмағандығы анықталып, нәтижесімен аудан әкімі мен ОҚО ІІД ЖПҚ-ның бастығының атына өзіміздің ұсыныстарымызды көрсете отырып, орын алған кемшіліктерді жою туралы ұсыну прокурорлық ықпал ету актісін енгіздік.

Қазығұрт ауданында назар аударуды қажет ететін тағы бір мәселелердің бірі, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық дәліз жолында болып жатқан жол-көлік оқиғалары.

Бұл келеңсіз жағдайлардың басым бөлігі құрылысы толық аяқталмаған халықаралық дәліз жолында орын алуда. Оған, жүргізушілердің шектеу қойылған жерлерден жылдамдықты сақтамауы, жолда жүру ережесінің талаптарын бұзуы, қарсы бағытқа шығып кетуі, малдардың жол жиегінде жайылуы себебі болуда.

Прокуратурамен бұл бағытта терең талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесімен ауданда орын алып жатқан жол көлік оқиғаларының себептерін анықтап, оның шешу жолдарын көрсете отырып, аудан әкімі алдында жол көлік оқиғаларының алдын алу шараларын ұйымдастыру, оның ішінде ауданның мал шаруашылығын жүзеге асырушы тұлғаларға, өздерінің үй жануарларын және мектеп оқушыларын жарық шағылыстырғыш заттармен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп, қолдау тауып, бірінші кезекте аудан орталығындағы мектеп оқушыларын шағылыстырғыш заттармен қамтамасыз ету жұмысы басталды.

Талдау нәтижелері бойынша экстремизм мен терроризмге қарсы күрес саласындағы ҚР ІІМ-нің осы бағыттағы салалық бұйрығына және жолда жүру ережесін реттейтін заңнамаларға, түнгі мезгілде жаяу жүргіншілерге шағылыстырғыш заттарды тағып жүруді міндеттеу жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облыс прокурорына қызметтік хат жолданды.

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау саласында жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде мобильдік топпен «Өткір-Нұр» тұтынушылардың құқықтарын қорғау және дамыту бірлестігінің өкілдерімен аудан көлеміндегі 10 мектеп ғимараттарындағы асхана қызметін жүргізуші жеке кәсіпкерлер қызметінде жалған құжаттарды көрсету арқылы заңсыз тексерулер жүргізіп, жеке кәсіпкерлерден заңсыз жалпы 50 000 теңге сыйақы алғандығы анықталды.

Аталған дерек бойынша жинақталған құжаттараудан прокуратурасының қылмыстар туралы ақпараттарды есепке алу кітабына тіркеліп, процестік шешім қабылдау үшін оны Қазығұрт АІІБ-не жолданылып, бүгінгі таңда қоғасмдық бірлестік өкілдеріне қатысты Қазығұрт АІІБ-мен ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталып, қалған жеке кәсіпкерлерді заңсыз тексеруге тосқауыл қойылды.

 

Қазығұрт ауданының прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу