Мерекеңмен әділет жолындағы майталмандар!

05 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан дәуірінде ел тәуелсіздігінің қорытындылары прокуратураның заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғайтын конституциялық институт ретінде қалыптасқанын дәлелдеп отыр.

Мемлекет басшысы прокуратураның заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтаудағы мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекше рөлін атап өткен, себебі Елбасымыз прокуратураны Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының өзегі ретінде белгілеген.

Бүгінгі таңда қоғам прокуратураны азаматтарымыз бен мемлекет мүдделерін абыроймен қорғайтын құқық қорғау органы ретінде қабылдайды.
Прокуратура өз қызметкерлерінің кәсібилігі мен жігерлі қызметінің, сондай-ақ прокуратура ардагерлерінің қолдауының арқасында жетістіктер мен табыстарға қол жеткізді.

Осы міндеттерді орындауға тергеу органдарының өздерінің іс жүзіндегі қызметін аткару кезінде заңдылықты тікелей камтамасыз етуімен, сондай-ақ қылмыс жасауға жағдай туғызатын себептер мен шарттарды дер кезінде әшкерелеумен және болдырмаумен қол жеткізіледі.

Қылмыстық сот ісін жүргізуде заңдылықты қамтамасыз етудің бірден-бір жолы прокурорлық қадағалау болып табылады. Прокуратура қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдарды әртүрлі жолдармен дәлме-дәл және біркелкі ғана емес, бұлжытпай орындауға, кімнің тарапынан болса да кез келген заң бұзушылықты жоюға дер кезінде шара колдануға, сондай-ақ азаматтарды заңды қастерлеу рухында тәрбиелеуге шақырылады. Мемлекеттік құрылымдар, бұқаралык ақпарат кұралдары, заңгерлік коғамдастықтар мен азаматтар тарапынан заңдылық жағдайына баса назар аударылуы осы саладағы құқықтық, нигилизмнің етек алуына, жұртшылықтың құқықтық сана-сезімі деңгейінің төмендігіне, заңдылықтардағы кейбір карама-қайшылыктарға және кұқық колдану саласындағы толып жатқан құқық бұзушылық фактілеріне байланысты.

Сондай ақ, заңдылыққа жоғары қадағалау жүргізетін ізге түсу органы бола отырып, прокурор өзінің өкілеттігін орындау кезінде ешкімге де тәуелді емес және ол заңға ғана бағынады. Сондықтан да қылмысты тергеу кезіндегі анықтау мен тергеу органдарының заңдарды орындауына прокурорлық қадағалау жүргізу мәселелерін зерттеу өзінің актуальдылығын ешқашанда жоғалтпайды.

Елімізде болып жатқан тың үрдістер мен заң саласындағы жаңалықтар адамды қоғамның жоғарғы құндылығы ретінде бірінші кезекке қойып, азаматтардың сотпен қорғалу құқығын кеңейте түсті. Жеке адамның құқығын қорғау Республика прокуратурасы органдары қызметінің негізгі мақсатына  айналды.

Прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Содан бері тындырылған жұмыстар аз емес.

1991 жылдың 6-шы желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, оның дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Қаулысымен Қазақ КСР Бас прокурорына бағынатын бірыңғай прокуратура органдарының жүйесі құрылды.

1992 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күшіне еніп, соған сәйкес прокуратура Жоғарғы Кеңеске есеп беретін, заңдардың орындалуына тиісті деңгейде қадағалауды жүзеге асыратын орган болды. Міне, содан бері прокуратура қадағалаушы орган ретінде еліміздің барлық азаматтарына көмек көрсетіп келеді. Осы салада адал да жемісті қызмет етіп жатқан әріптес­терімді төл мерекелерімен құттықтаймын! Патриоттық, отансүйгіштік рухани құндылықты бойға терең қалыптастыра отырып, Отанымыздың даңқын көкке қарай аспандатуда өз үлесімді абыроймен атқаруға тілектеспін. Алда асу  болар арналардан, белдеу болар белестерде шығармашылық табыс, жанұяларына бақыт тілеймін!

 

Әл-Фараби ауданының

прокуратурасы 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу