Облыс прокуроры Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

02 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокуроры Тұңғыш Президент күнімен құттықтады - 798097575

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады -деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ерекше.

Өткенді еске алып, тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991  жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық  сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды.

Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде  сенімді  басшыға  өз тағдырын  тапсырған  Қазақстан халқының  жауапты  таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлының салиқалы саясатының арқасында  тәуелсіз Қазақ елі  қалыптасып, тарихымыз  түгенделіп,  тіліміз және дініміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері  қабылданды.

Ұлт көшбасшысы 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген  антын тұтастай  және толық  орындады. Еліміз бүгінде  бүкіл әлемге  танымал «Қазақстан»  атына ие болды.

Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуынан бастап мемлекеттің даму жолындағы жұмыстардың басымы Н.Ә.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты, ерлігімен ұштасқан дүниелер екені даусыз.

Бүгінгі күні, Елбасының жетекшілігімен кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы – Тұңғыш Президент халықты жарқын істерге жұмылдыру, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту, бүкіл халықаралық қоғамдастықтың ризашылығы мен құрметіне ие болған жаһандық және өңірлік бейбіт бастамалардың авторы ретінде елдің сыртқы саяси бағытын дәл айқындау ісіне орасан зор үлес қосты.

Президент заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату жағдайына аса көңіл бөлді.  2017 жылдың 30 маусымында Елбасы «Прокуратура туралы» Заңға қол қойып, прокуратура қызметіне жаңа бағыт берді. Бұл өз кезегінде халық пен қоғамның мүддесін қорғайтын ашық, әділ және тиімді прокуратура жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанды қазірде әлем мойындайды. Найзаның ұшы, білектің күшімен ата-бабадан қалған елімізді басқарған Н.Ә.Назарбаев Қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті.

Елімізде тойланып отырған бұл мерекенің тарихи маңызы орасан зор екені айдан анық.

ЕндешеТұңғыш Президент күніқұттыболсын!" деді облыс прокуроры Н. Әбдіров

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу