Облыс прокурорының ҚР Прокуратурасы күні мерекесімен құттықауы

06 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Облыс прокурорының ҚР Прокуратурасы күні мерекесімен құттықауы - 860669722

Құрметті әріптестер, прокуратура ардагерлері !

Сіздерді 6 желтоқсан Қазақстан Республикасының Прокуратурасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

Мемлекеттің билік органдары жүйесінде прокуратураның  орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілеттілігі бар бұл салада  Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау әр прокурорға бұйырған бақыт.

Басты парызымыз – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы қызметтеріңіз әрқашан жемісті болып, жұртшылық алдындағы абыройларыңыз биіктей берсін.

Барлығыңызға қызметте табыс, өздеріңізге және отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін.

Құрметпен,                                                  

Нұрғалым Әбдіров

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу