ОҚО-да Құқық қорғау қызметтер Орталығы ашылды

07 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ОҚО-да Құқық қорғау қызметтер Орталығы ашылды  - 2046499451

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Құқық қорғау қызметтер Орталығының ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Бас Прокурордың орынбасары М.Ахметжанов, облыс әкімі Ж.Түймебаев және облыс прокуроры Н.Әбдіров, сонымен қатар, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, прокуратура органдарының ардагерлері қатысты.

Енді жаңа Орталықта 11 мекеменің мамандары азаматтарға ақысыз түрде 22 кәсіби құқықтық көмек көрсетеді, олардың қатарында тәжірибелі прокурорлар, адвокаттар, медиаторлар, нотариустар, мемлекеттік кірістер органдары,  әкімдік, пробация қызметкерлері және т.б. 

Орталықтың басты мақсаты - азаматтарға ашық, жариялы түрде көмек көрсетіп, оларды әуре-сарсаңға салмай құқығын жедел түрде қорғау арқылы азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға деген сенім деңгейін арттыру.

Өз кезегінде Бас Прокурордың орынбасары орталықтың құрылуына назар аударып, орталық Ұлт жоспарының 100-ші қадамы құқықтық қызмет көрсетуді бір жерде шоғырландыруды көздейтінін атап өтті.

Құқық қорғау қызметтер орталығы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында орналасып, заманға сай инженерлік-техникалық қоңдырғылармен, электронды кезек жүйесімен, «ConnectionPoint» өзіне-өзі қызмет көрсету секторымен, күту залымен және т.б. қажетті инфра құрылымдармен жабдықталған. Заманауи орталық «бір терезе» қағидатына негізделіп, тегін құқықтық қызмет ұсына отырып, халыққа сапалы қызмет көрсету принципімен жұмыс жасайды.

Кез келген келушілер өзін толғандырған мәселе бойынша операторлардан кеңес алып, сұрақтың мазмұнына қарай тиісті мамандарға жолданады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

ОҚО-да Құқық қорғау қызметтер Орталығы ашылды  - 2067293541
ОҚО-да Құқық қорғау қызметтер Орталығы ашылды  - 1713989595
ОҚО-да Құқық қорғау қызметтер Орталығы ашылды  - 1240068699
ОҚО-да Құқық қорғау қызметтер Орталығы ашылды  - 48789913
ОҚО-да Құқық қорғау қызметтер Орталығы ашылды  - 1032272889
ОҚО-да Құқық қорғау қызметтер Орталығы ашылды  - 1187582377

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу