ОҚО-да әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа бағытталған Іс-шаралар басталды

05 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
ОҚО-да әлеуметтік-саяси тұрақтылыққа бағытталған  Іс-шаралар басталды - 1187995134

Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында ОҚО прокуратурасының бастамасымен «Халықтың әл-ауқатын жақсарту, қауіпсіз орта қалыптастыру» іс-шарасы аясында Сайрам ауданының аумағында жұмыс тобы іс-шараларын бастады.

30.11.2017 жылы облыс әкімі Ж.Қ.Түймебаевтың төрағалық етуімен жұмыс тобының мүшелерінің қатысуында мәжіліс өткізіліп, жұмыстың бастамасын ашып берді.

Іс-шараға барлық мемлекеттік, құқық қорғау, арнайы органдардың қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардан 85 адам жұмылдырылды.

 Аталған іс-шараны 6 бағытта жүргізу белгіленді. Атап айтқанда:

1. «Ұлтаралық қақтығыстарды алдын алу»;

2. «Әлеуметтік проблемаларды шешу»;

3. «Бизнес ортасын дамыту»;

4. «Діни экстремизмнің алдын алу»;

5. «Дағдарыстық жағдайға дайындық»;

6. «Халықтың террористік қауіпке дайындығы».

Бұл іс-шара халықтың тұрмыс-тіршілігін, ұлттық, қоғамдық мәселелерден туындайтын саяси-экономикалық және әлеуметтік сұрақтарды қамтуға, тұрғындардың сауаттылығын арттыру, діни, кәсіпкерлік және өзге де салаларда білімін жетілдіру, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін алдын алу және оқыту шараларын жүзеге асыру, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Құрметті Сайрам ауданының тұрғындары!

Жоғарыда атап өтілген тақырыптарға байланысты өздеріңізді мазалап жүрген сұрақтар бойынша жұмысшы топтарға (толық мәлімет Сайрам аудан әкімі аппаратында) немесе облыс прокуратурасына 53-03-49 сымтетігіне хабарласуға болады.  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу