Сарыағашта «Менің Қазақстаным» атты фестивалі ұйымдастырылды

13 желтоқсан 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Сарыағашта «Менің Қазақстаным» атты фестивалі ұйымдастырылды - 1950623376

Сарыағаш ауданы халқының саны 323 785 адамды құраса, оның ішіңде қазақстар саны - 287478,  орыс - 2019 , өзбек - 11830, тәжік - 12302, татар - 1216, әзірбайжан - 4129, түрік – 2719 және басқа ұлт өкілдері - 2092 өмір сүруде.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Тәуелсіздігі күні» мерекесі қарсаңында, Елбасының Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында,  ұлтаралық достықты нығайту, татулықты насихаттау, жастарды отансүйгіштікке баулу, ынтымақты  күшейту мақсатында аудан прокуратурасының бастамасымен Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай өзге ұлт өкілдері арасында «Менің Қазақстаным» атты фестиваль ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға өңіріміздегі Неміс, Түрік, Ұйғыр, Өзбек және Тәжік мәдени орталықтары   белсене атсалысты.

Фестивалге қатысушы ұлт өкілдері екі шарт бойынша бақ сынасты. Оның алғашқысы «Білгенге маржан». Яғни Қазақ халқының салт-дәстүрінен көрініс құру оның ішінде, бесікке салу, сырға салу, бастаңғы, беташар, тұсаукесер секілді қазақтың қаймағы бұзылмаған дәстүрлерінің қыры, сыры мен маңыздылығы айшықталды.

Ал екіншісі, «Талаптыға нұр жауар» кезеңінде сайыскерлер өз өнерлерін ән шашумен және би көріністерімен жалғастырды.

Жалпы жиынға аудан әкімінің орынбасары, ішкі саясат және мәдениет бөлімінің басшылары, Неміс, Түрік, Ұйғыр, Өзбек және Тәжік мәдени орталықтарынан басқа 150 ге жуық көрермендер қатысы.

«Менің Қазақстаным» атты фестивалінің қорытындысы бойынша сайысқа қатысқан мәдени орталықтарға аудан прокуроры Н.Боранбаев пен аудан әкімі Қ.Әбдуалиевтың атынан алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ, Тәжік мәдени орталығының төрағасы Нұралы Шоалиев сөз алып, ауданымызда өзге ұлт өкілдерінің бiр атаның баласындай бірлік пен татулықта, ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы айтып, іс-шараның ұйымдастырлғанына алғысын білдірді.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу